Жоғары оқу орындары заңды жекешелендірілді ме?
Үкімет басшысы жоғары білім саласындағы бұрын жеке меншікке өткен кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін талқылады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиналғандар жоғары білім саласындағы бұрын жеке меншікке өткен кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін талқылады.
Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті құжаттар мен шарттарды тексеріп, олардың жасалуының заңдылығына құқықтық баға беруді тапсырды,- деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Басталған тексерудің студенттерге де, жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне де қатысы жоқ. Сондықтан тексерілетін мекемелердегі оқу процесіне еш кедергісі болмайды.
Malim.kz сайтында осыған дейін мәжіліс депутаты Ерлан Саиров ел аузында Н.Назарбаевтың қайын атасы аталып кеткен Тілектес Есполовтың Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне қатысты былықтарын тексеруге Бас прокурор Б.Асыловтың атына депутаттық сауал жолдап мәселе көтерген болатын. https://malim.kz/article/opinion/espolov-oqu-ornyn-zyn-oinaqqa-ainaldyryp-tastagan-deputat-saualy-19570
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Есполов оқу орнын жын-ойнаққа айналдырып тастаған-депутат сауалы
Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясының мүшесі Ерлан Саиров бүгін ел аузында Н.Назарбаевтың қайын атасы аталып кеткен Тілектес Есполовтың Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне қатысты былықтарын тексеруге Бас прокурор Б.Асыловтың атына депутаттық сауал жолдады.
Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы
Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...