Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

250 мың доллар: Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы аударылды

Спорт
250 мың доллар: Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы аударылды

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер жіберілді. Барлығы 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай мөлшерде ақшалай сыйақылар қарастырылған:

1-орын — 250 000 АҚШ доллары;
2-орын — 150 000 АҚШ доллары;
3-орын — 75 000 АҚШ доллары;
4-орын — 30 000 АҚШ доллары;
5-орын — 10 000 АҚШ доллары;
6-орын — 5 000 АҚШ доллары.
Ақшалай сыйақы жүлдегерлердің бірінші, жеке және бас жаттықтырушыларына да беріледі. 

Сонымен қатар Олимпиада мен Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер ұсынады.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу