«Астана Аренаның» жасанды көгалы ауыстырылды

Стадион халықаралық матчтарды өткізуге дайын

Мәди Саматұлы

  • 10.01.2025

«Астана Арена» стадионы реконструкциядан өтіп, бүгінде халықаралық матчтарды өткізуге дайын тұр, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовтың сөзінше, спорт ғимаратында UEFA талаптары мен ұсыныстарын ескере отырып, барлық құрылыс-монтаж жұмысы аяқталды. Атап айтқанда, ескі жабындылар, алаңды жылыту және суару жүйелері толығымен ауыстырылып, сондай-ақ, жасанды газон жаңартылған.

Былтыр желтоқсанда футбол алаңы UEFA стандарттарына сәйкес сертификаттаудан өтіп, халықаралық сертификатқа ие болған еді.

Сонымен қатар, елорда мәслихатының қолдауымен бастапқыда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) механизмі арқылы жүзеге асырылған «Қазақстан» спорт сарайын қайта жаңғырту жұмыстары да басталған.

Қазір тиісті құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарын биыл бастау жоспарланып отыр. Жобаны аяқтау және нысанды пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған. Бұл жоба су спорты түрлерін, мәнерлеп сырғанауды дамытуға және елорда тұрғындарының белсенді демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған, деп жазды мәслихат төрағасы.

Фото: facebook/Ерлан Каналимов

Байланысты жаналықтар

Дженнифер Лопес Астанада концерт береді

08.04.2025

«Астана Арена», «Барыс Арена», «Алау» мұз айдыны сенімгерлік басқаруға заңсыз берілген

23.01.2025

Петропавлда стадионнан өрт шықты

16.01.2025

Астанадағы Қ.Мұңайтпасов стадионы биыл салынып бітеді

08.01.2025

Израильдің футбол жанкүйерлері Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды

10.09.2024

Шымкентегі Қажымұқан стадионының мүшкіл жағдайы көрсетілді (ВИДЕО)

01.09.2024
MalimBlocks
Дженнифер Лопес Астанада концерт береді

Ол әлемдік турне аясында елордаға келеді.

«Астана Арена», «Барыс Арена», «Алау» мұз айдыны сенімгерлік басқаруға заңсыз берілген

Жеке компания 15 жылға заңсыз сенімгерлік басқаруға алған

Петропавлда стадионнан өрт шықты

Астанадағы Қ.Мұңайтпасов стадионы биыл салынып бітеді

Бүгінде ескірген стадион толығымен бұзылып болған

Израильдің футбол жанкүйерлері Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды

Газа секторындағы қақтығыс 2023 жылы 7 қазанда басталған

Шымкентегі Қажымұқан стадионының мүшкіл жағдайы көрсетілді (ВИДЕО)

Бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған