Ауыр атлет Спорт министрлігін сотта жеңді  

Ақшаны алу үшін тиісті органдарға жүгінген

Malim Админ

  • 09.03.2023

Ауыр атлет,   Олимпиаданың  жүлдегері  Денис Уланов Мәдениет және спорт министрлігінің ақшалай сыйақысын қайта есептеуге қатысты сот ісінде жеңіп шықты. Бұл шешімді ҚР Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы қабылдаған.   

Денис Уланов 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында медальға сәл жетпей қалды, ол төртінші қатарға тоқтады, ол үшін 30 000 доллар сыйақы алды. Алайда көп ұзамай осы ойындардың қола жүлдегері румындық спортшы Габриэль Синкреян допингпен ұсталып, медаль автоматты түрде Дениске берілді.

Біраз уақыттан кейін зілтемірші үшінші орынға 45 мың АҚШ доллар болатын ақшаны алу үшін тиісті органдарға жүгінген. Бірақ ол спорт қызметкерлерінен тиісті жауап алмады. Себебі төлемдерді қайта қарауға негіз жоқ болатын.

Спортшы сонда да берілмеді, ол істі сот арқылы жеңіп шықты. Бұл процеске Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы нүкте қойды.

«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 10 наурыздағы шешімімен талап арыз қанағаттандырылды, төлемдер сомасын қайта қараудан бас тарту заңсыз деп танылды. Сот Мәдениет және спорт министрлігіне төлемдер сомасын қайта қарауды қамтамасыз етсін деп міндеттеме жүктеді».

Шешім әлі заңдық күшіне енген жоқ. Денис Уланов 29 жаста, ол Азия-2016 чемпионы және Универсиада-2017 жеңімпазы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.    

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады