«Бәрімізден кінә бар»: Бокс федерациясының басшысы Олимпиадағы төмен нәтиже туралы айтты

Арман Қайыпхан

  • 09.08.2024

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Париждегі жазғы Олимпиада ойындарын қорытындылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол былғары қолғап шеберлері көрсеткен нәтижеге кім кінәлі екенін айтты. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы әлеуметтік жеілдегі парақшасында жариялады.

Шахмұрат Мүтәліп өз сөзінде боксқа үлкен реформа қажет екенін алға тартты.

«Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарабынан да, жаттықтырушылар тарабынан да кінә бар. Қатемізді, кем-кетіктерді көріп, бір шешімге келдік. Біздің боксымызға үлкен реформа қажет», — деді ол.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы елге екі Олимпиада қатарынан алтын жүлдесіз оралды. Биыл Парижде 80 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай ғана күміс медаль иеленді. Олимпиада ойындарындағы боксшылардың нәтижесіне қатысты бас бапкер Мырзағали Айтжанов пікір білдіріп, халықтан кешірім сұрады.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады