457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Cәкен Бибосынов бокстан ұлттық құрама сапынан шықты

Бас бапкері Қайрат Сәтжанов мұның себебін түсіндірді

Бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері әрі әлем чемпионы Сәкен Бибосынов ұлттық құрама сапынан шықты, -деп хабарлады Malim.kz. 

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мұның себебін түсіндірді.

Сәкен Азия чемпионатының алдында арқасынан жарақат алды. Сондықтан ол алда болатын оқу-жаттығу жиындарына қатыспайды, деді бас бапкер.

Бокстан ұлттық құрама Испанияға оқу-жаттығу жиынына аттанғалы жатыр. Кейін боксшыларымыз Болгарияда өтетін дәстүрлі Странджа кубогіне қатысады. Келген соң Ресейде оқу-жаттығу жиынынан өтіп, бапкерлер құрамы бірінші және екінші нөмірлі боксшыларды анықтайды.

Еске салайық, Сәкен былтырғы Париж Олимпиадасында да, Таиландта өткен Азия чемпионатында да ширек финалда жеңілді.

Фото: ҰОК