Демеу Жадраев, Нариман Құрбанов және Ғұсман Қырғызбаевқа оқу гранты берілді

Париж Олимпиадасында ел қоржынына түскен 7 медальдің бесеуін академия түлектері иеленген

Арман Қайыпхан

  • 03.09.2024

Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Париж Олимпиадасының күміс және қола жүлдегерлеріне тегін грант берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Париж Олимпиадасында ел қоржынына түскен 7 медальдің бесеуін академия түлектері иеленген. Осыған байланысты оқу орны Олимпиада жүлдегерлерін 1-курс студенттерімен кездесуге шақырған.

«Бұл – білім ордасы үшін үлкен мәртебе әрі мақтаныш. Сондықтан Демеу Жадраев, Нариман Құрбанов, Ғұсман Қырғызбаев, Назым Қызайбай, Ислам Сәтбаев секілді спортшылардың есімдері енді білім ордасының Олимпиада жүлдегерлері стенд тақтасына алтын әріппен жазылады. Ел мақтанышына айналған спортшыларымыз оқуға енді қабылданған 1-курс студенттері мен өзге де ізбасарларына ақыл-кеңестерін айтып, үлкен мотивация берді», – деп жазды академия өз парақшасында.

Ал Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Демеу Жадраевқа докторантурада, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа магистратурада тегін білім алуға мүмкіндік беретін Академия грантын табыстаған.

«Практика жүзінде білген-түйгенімізді енді теориямен ұштастыруға, ғылыми тұрғыда ізденуге мүмкіндік берген, өзім оқыған академия басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Ал артымыздан ерген жас өрендерге сәттілік тілейміз. Алға қойған мақсаттарыңа жетуден ешқашан шаршамаңдар»,- деді Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадраев.

Естеріңізге сала кетейік, жазғы Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен Демеу Жадраев «күміс», спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов «күміс», ал Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан «қола» медаль жеңіп алды.

Фото: Қазақ спорт және туризм академиясы

Байланысты жаналықтар

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиадаға жолдама алды

30.03.2025

Жәмилә Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды

28.03.2025

Еліміздегі 7 футбол клубы сатылымға шығарылмақ

28.03.2025

Енді мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға қаржы бөлінбейді

27.03.2025

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екінші күміс медаль түсті

26.03.2025

Әлем чемпионаты - 2026. Іріктеу турнирінде Қазақстан Уэльстен ұтылды

23.03.2025
MalimBlocks
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиадаға жолдама алды

Еркін бағдарламада Шайдоров төрешілердің шешімі бойынша 192,70 ұпай жинады

Жәмилә Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды

Еліміздегі 7 футбол клубы сатылымға шығарылмақ

Енді мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға қаржы бөлінбейді

Сенат бюджетті тиімді пайдалану үшін спорт туралы заңға түзетулер енгізді

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екінші күміс медаль түсті

Әлем чемпионаты - 2026. Іріктеу турнирінде Қазақстан Уэльстен ұтылды

Бұл әлемдік футбол додасына іріктеу бойынша алғашқы матч