Еуропа чемпионаты аяқталды. Доннарумма – үздік ойыншы

Malim Админ

  • 12.07.2021

Италия құрамасы – Еуропа чемпионы.

EURO-2020 финалы Лондонның Уэмбли стадионында 12 шілдеге қараған түні өтті.

Англия құрамасы Италия ұлттық құрамасына қарсы финалдық матчтің екінші минутында алға шықты. Италиялықтардың қақпасына голды Люк Шоу соқты. Бұл гол EURO-2020 финалы тарихындағы ең жылдамы болды.

Матчтің 67-минутында Италия құрамасының орталық қорғаушысы Леонардо Бонуччи Англия құрамасының қақпасына гол соғып, есепті теңестірді.

Матчтің негізгі уақытында есеп өзгерген жоқ. Құрамалар қосымша уақытта да ойын барысын өзгерте алмады. Матчтің нәтижесін пенальти сериясы шешті. EURO-2020 финалы матчтен кейінгі пенальтимен аяқталған жағдай тарихта осымен екінші рет болып отыр, бірінші рет 1976 жылы болған еді.

Пенальти сериясында италиялықтар қарсыластың қақпасына 3 гол соғып, чемпионаттағы кейіені жеңісінен 53 жыл өткен соң Еуропа чемпионы атанды.

Топтық кезеңде италиялықтар А квартетінде Түркияны (3:0), Швейцарияны (3:0) және Уэльсті (1:0) жеңып, тоғыз ұпай жинаған. 1/8 финалда олар қосымша уақытта Австрияны жеңді (2:1), ал келесі раундта Бельгиядан мықты болды (2:1). Пенальти сериясындағы жартылай финалда италиялықтар Испанияны жеңді.Ойын соңында EURO-2020 үздік ойыншысы атағы Италия қақпашысы Джанлуиджи Доннаруммаға берілді. 

Байланысты жаналықтар

Еуро-2024 чемпионаты: Испания құрамасы жеңіске жетті

15.07.2024

Бүгін Еуро-2024 чемпионатының финалында Испания мен Англия ойнайды

14.07.2024

Еуро-2024: Англия Нидерландты ұтып, финалға шықты

11.07.2024

Испания топтан шығып, Италия плей-офф кезеңіне жолдама алды

25.06.2024

Еуро-2024: екі тең ойын және «өлім тобындағы» жеңіс

21.06.2024

Еуро-2024. Англия-Дания кездесуінде сенсация тіркелді

20.06.2024
MalimBlocks
Еуро-2024 чемпионаты: Испания құрамасы жеңіске жетті

Еуропа чемпионатын тарихта төртінші рет (1964, 2008, 2012, 2024) жеңіп алды.

Бүгін Еуро-2024 чемпионатының финалында Испания мен Англия ойнайды

Екі құрама ойыншылары түгел дайын

Еуро-2024: Англия Нидерландты ұтып, финалға шықты

Англияны финалда Испания күтіп тұр.

Испания топтан шығып, Италия плей-офф кезеңіне жолдама алды

Бүгін B тобының мәселесі шешілді

Еуро-2024: екі тең ойын және «өлім тобындағы» жеңіс

Бұған дейін Германия плей-оффке шыққан.

Еуро-2024. Англия-Дания кездесуінде сенсация тіркелді

С тобындағы екінші турдың кездесуі Майндағы Франкфурт қаласында Deutsche Bank Park стадионында өтті