Грузия алғашқы Еуропа чемпионатын сәтсіз бастады

F тобындағы бірінші тур ойыны Дортмундтағы "Сигнал Идуна Парк" аренасында өтті

Арман Қайыпхан

  • 18.06.2024

2024 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аясында Түркия мен Грузия арасында матч өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

F тобындағы бірінші тур ойыны Дортмундтағы "Сигнал Идуна Парк" аренасында өтті. Тартысты өткен ойында Түркия құрамасы 3:1 есебімен басым түсті.

Түркия есепті 25-минутта ашты. Олардың Германиядағы алғашқы голын Мерт Мюлдур соқты. Алайда 7 минуттан кейін Грузия ірі турнирлердегі алғашқы голын соқты. Оның авторы - шабуылшы Жорж Микаутадзе.

65-минутта «Реалдың» 19 жастағы жартылай қорғаушысы Арда Гүлер Түркияны тағы да алға шығарса, қосымша уақытта «Галатасарай» шабуылшысы Керем Актүркоғлу үшінші голды соқты.

Сондай-ақ Арда Гүлер Еуропа чемпионаттары тарихындағы турнирдегі алғашқы ойынында гол соққан ең жас (19 жас 114 күн) ойыншы атанды. Ол 2004 жылы 19 жас 128 күн болғанда Еуропа чемпионатындағы алғашқы матчында Грекияға гол соққан Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты.

Айта кетейік, бұған дейін 1-турда өткен ойындардың қорытындысы келесідей:

А тобы: Германия - Шотландия 5:1, Венгрия - Швейцария 1:3.

В тобы: Испания - Хорватия 3:0, Италия - Албания 2:1;

D тобы: Польша - Нидерланды 1:2; Аустрия - Франция 0:1

C тобы: Словения - Дания 1:1, Сербия - Англия 0:1.

E тобы: Бельгия - Словакия 0:1, Румыния - Украина 3:0.

Фото: uefa.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды