Көшпенділер ойындарында қандай аттар бәйгеге шабады?

Дүниежүзілік додаға іріктеудің екінші кезеңі өтті

Malim Админ

  • 14.08.2024

Алматыда бәйгеден қала кубогі өтіп, ат жарыс аясында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеудің екінші кезеңі болды. «Осы ат жарыс аясында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы – Кұнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйгеге үздік жылқыларды іріктеп алдық», - деді Республикалық «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен.

Құнан байге бойынша І орынды Сұңқар атты тұлпар, шабандозы Абзал Тұрғанбек иеленді. II келген Бақторы, шабандоз - Ділнұр Нұрмұқаш. Сениорита есімді жылқы үшінші келді. Шабандозы – Абзал Тұрмыс. Топ бәйгеде топ жарған жылқы Зымыран,шабандоз Арнат Мұратхан. II орында Маймақ, шабандоз - Абзал Тұрмыс. Үшінші орын – Ертұран, шабандоз – Исламнұр Еркөс. Жорға жарыс қорытындысы бойынша I орынды Аквамарин, шабандоз - Евгений Чибисов. II орын - Триумф, шабандоз - Әлия Тоқтасынова. III орын Профессор, шабандоз – Ерұлан Тілеуғалиұлы. Ал Аламан бәйгені алған Виза есімді жүйрік, шабандоз - Алихан Бақытханұлы. Екінші келген Күрең ат, шабандоз - Арнат Мұратхан. Үшінші орын – Әлқисса атты тұлпар, шабандоз –  Мәди Жолшыбек.

Еске сала кетейік, Республикалық бәйге федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, садақ ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады. Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Фото: wiki2.org  

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

01.04.2025

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

01.04.2025

Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталған. Әкімдік не дейді?

01.04.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталған. Әкімдік не дейді?

Астанада әкімдік аумағындағы алаңнан Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері бар стендтер алып тасталған

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді