Мбаппе пенальти соға алмады. Франция турнирден ұшты

Malim Админ

  • 29.06.2021

Бухаресттегі "Националь" стадионында әлем чемпионы Франция мен Швейцария кездесті. Бұл ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. 

15-минутта швейцариялықтар Харис Сеферовичтің көмегімен есеп ашты. 55-минутта Швейцария есепті еселейтін мүмкіндікті мүлт жіберді - Рикардо Родригес пенальтиден гол соға алмады.

Бірнеше минуттан соң француздар есепте алды болды. Кәрім Бензема екі минутта екі гол соқты. 75-минутта Франция үшінші голын салды: Поль Погба алыстан дәл соққы жасады.

Ойынның соңына қарай швейцариялықтар екі гол соқты: 81-минутта Сеферович дубль авторы атанса, 90-минутта Гавранович таразы басын теңестірді.

Овертаймда командалар есепті өзгерте алмай, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл тұста швейцариялықтар барлық голын салды, ал шешуші соққы жасаған Килиан Мбаппе мүлт кетті.  Осылайша әлем чемпиондары үйіне қайтты.

 

Байланысты жаналықтар

Каратэден ұлттық құрамаға бапкер болып Олимпиада жүлдегері тағайындалды

24.04.2025

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

23.04.2025

Әлемдегі ең бай 50 спортшының тізімі жарияланды

23.04.2025

Қазақстанның екі ауыр атлеті допингпен ұсталды

22.04.2025

Мөлдір Жаңбырбай мен Әсел Қанай қатарынан 3 медаль жеңіп алды

21.04.2025

Танымал балуан Ризабек Айтмұхан шаңырақ көтерді

21.04.2025
MalimBlocks
Каратэден ұлттық құрамаға бапкер болып Олимпиада жүлдегері тағайындалды

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

Әлемдегі ең бай 50 спортшының тізімі жарияланды

Баскетболшы Майкл Джордан көш бастап тұр

Қазақстанның екі ауыр атлеті допингпен ұсталды

Мөлдір Жаңбырбай мен Әсел Қанай қатарынан 3 медаль жеңіп алды

Танымал балуан Ризабек Айтмұхан шаңырақ көтерді

Оның жұбайы да спортшы.