457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Оңдасын Хамитов грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Понтеведреде (Испания) өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты, - деп хабарлайды Malim.kz.

 

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түскен Оңдасын Хамитов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Медаль үшін өткен белдесуде Оңдасын жапониядық Кохау Каназаваны 9:0 есебімен ұтты. 

 

Чемпионат аясында қазақстандық балуан Қырғызстан, Мексика және Венгрия балуандарын жеңіп, жартылай финалда түркиялық қарсыласына 8:9 есебімен ғана жол берген болатын. 

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Айбек Айтбеков (55 келі) пен Темірлан Тұрдақын (87 келі) қола медаль еншілеген болатын. 
Фото: ҰОК