Қасым-Жомарт Тоқаев: Алтын Орда мұрасын туризмді дамытуға пайдалануымыз керек

  • 28.10.2021

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Атырауда өтіп жатқан «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушыларына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды, атты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баршаңызды «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық конференцияның ашылуымен құттықтаймын. Бұл алқалы жиын тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі белесіне орай өткізілуде. Алтын Орда тарихы қазіргі қазақ мемлекеттілігінің жылнамасымен тығыз байланысты. Әйгілі Жошы хан кесенесі мен Сарайшық қаласының Қазақстан аумағында орналасуы және шетел мұрағаттарынан көптеген жазба деректердің табылуы – осының айқын дәлелі. Шын мәнінде Алтын Орданың тарихы әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Түрлі себептерге байланысты төл шежіреміздің осы бірнеше ғасырлық кезеңі назардан тыс қалды», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында. Сондай-ақ, Президент еліміз егемендігін алғаннан кейін ғана бұл олқылықтың орнын толтыруға жол ашылғанын еске салды. «Елбасының бастамасымен қолға алынған ауқымды бағдарламалар жұртымыздың тарихи санасын жаңғыртуға зор үлес қосты. Санмыңжылдық шежіреміздегі сабақтастық жалғасын тауып, ұлттық рухымыз биіктей түсті. Біз Алтын Орда дәуірінен келген құнды жәдігерлерді дүние жүзіне танытып, оны туризм саласын дамыту үшін тиімді пайдалануымыз керек», - деп жазылған құттықтау хатта.

 

Байланысты жаналықтар

Еуро-2024. Қазақстан алғашқы ойынды жеңіліспен бастады

24.03.2023

Журналистерді еске алуға арналған турнирдің қорытындысы

13.03.2023

Шавкат Рахмонов Алматыға келді

13.03.2023

Ауыр атлет Спорт министрлігін сотта жеңді  

09.03.2023

Бауыржан Исламханның қай клубта ойнайтыны белгілі болды

02.03.2023

Сәпиев-Зелимханов жанжалы. Елеусінов пен Ильин не дейді?

28.02.2023
MalimBlocks
Еуро-2024. Қазақстан алғашқы ойынды жеңіліспен бастады

Келесі қарсылас кім?

Журналистерді еске алуға арналған турнирдің қорытындысы

Шавкат Рахмонов Алматыға келді

Ауыр атлет Спорт министрлігін сотта жеңді  

Ақшаны алу үшін тиісті органдарға жүгінген

Бауыржан Исламханның қай клубта ойнайтыны белгілі болды

9-нөмірлі жейдеде өнер көрсетеді

Сәпиев-Зелимханов жанжалы. Елеусінов пен Ильин не дейді?

"Мен де ақ пен қараны ажырату үшін күттім".