Қазақ қызы Африкада қайырымдылықпен айналысып жүр

Айшолпан КЕРІМ

  • 19.04.2022

Қайырымдылық акциялары бүкіл әлемге ортақ игілік. Қандай да бір елде қиындық туса, сол елге гуманитарлық көмек немесе ашаршылыққа ұшыраған, экономикасы төмен елдерге көрсетілетін қайырымдылық шаралары тек сол ел тұрғындары үшін ғана емес, көмек көрсетуші елдің де имиджі үшін қызмет етеді. Қазақстан да әлемдік бастамалардан шет қалып көрген жоқ. Қазір мемлекет тарапынан көрсетілетін қайырымдылықтан бөлек, жекелеген азаматтар да халықаралық деңгейдегі акцияларға қатысып немесе өздері ұйымдастырып жүр. 

Алматы тұрғыны Тоғжан Ынтықбаева 2018 жылдан бері қайырымдылықпен айналысады. Қызығы, ол тек қазақстандықтарға ғана емес, Африка тұрғындары үшін қаражат жинап, көмек көрсетіп жүр. Біз Тоғжаннан қайырымдылық көрсетудің қиындығы мен қызығын сұрап, бұл істі қолға алу себебін сұрап көрдік.

Мен көрсететін көмек адамның түр-түсіне тәуелді емес. Адам суға батып бара жатса, оның терісінің түсін, нәсілін ойлап тұрмастан, жай ғана көмектесесің ғой.

Қайырымдылық жобамызда жүйелі түрде қаражат аударатын бірнеше бағыт бар:

- Африка құдықтарын жөндеуге көмектесіп, халықты ауыз сумен қамту үшін жаңа құдық құрылысын салуға аударым;
- Студенттерге шәкіртақы беруге тырысамыз;
- Балалар үйіндегі оқушыларды,  басқа да жағдайдағы баланы оқу құрал-жабдығыменқамтамасыз етеміз;
- Балалардың жақсы жағдайда білім алуы үшін, мектептердегі жөндеу жұмыстарына ақша бөлеміз;
- 2019 жылы мешіт құрылысына жетерлік қаражат жинадық;
- Ал былтыр мектепке ауыз суын тарттық, сондай-ақ 45 бас құрбандық ақшасын жинай алдық.
- Біз Африкаға жыл сайын Рамазан айында баратындықтан, тұрғыдарға азық-түлік беріп, «ауызашарлар» өткіземіз.

2018 жылы бір танысым Орталық Африка Республикасы тұрғындары үшін қаражат жинауды ұсынды. Сондай-ақ сол жылдары біздің бір ұстазымыз Африкада еді, бізге олардың күнделікті өмірі жайлы айтып берді. Артынша досым екеуміз «Көрейік» деп, әлеуметтік желіде қаражат жинай бастадық.

Негізі Африка жайлы 9 сынып оқып жүргенде естігенмін. Солайша бала кезімде «Бір күні осы елдегілерге көмектесемін» дедім ішімнен. Осы бір тілегімнің қазір орындалып, іске асып жатқанына шын қуаныштымын.

Әрине, бұл істі жеке өзімнің атқаруым мүмкін емес еді: Африкадағы «Духа» халықаралық тәуелсіз қорымен бірлесе жұмыс істеймін. Біздің барлық қаржылай жиналымдар нотариалды куәландырылған, бәрі құжат негізінде жүзеге асып отыр. Үнемі есеп-қисап жүргізіледі, себебі қаражат жинау жұмыстары менің жеке парақшамда жүргізіледі, тиісінше жауапкершілік те менің мойнымда.  Қайырымды адамдар маған сеніп, табысынан бөліп ақша аударады, сол үшін де бізде бәрі таза – мен үшін бастысы да осы.

Атап өткенімдей, Африкаға барған кезде ұстазым сол елде еді. Сондай-ақ бізге қауіпсіздік қызметінен адамдар беріп, көмектескен аудармашылар болды. Тұрғындарға азық түлік үлестіруге Қорғаныс министрлігі қызметкерлері де бірге барды. Басқаша болуы да мүмкін емес еді, себебі бұл елде еркін қозғалыс жоқ, қауіпті.

Мені «өзімізде» көмекке мұқтаждар көп бола тұра, «өзгелерге» көмектесіп жүргенім үшін айыптап, сөгетіндер көп

Қатты таң қалатыным – Қазақстандағы қарттарға жиналатын ақша мен Африка азаматтары үшін жиналатын сома арасында үлкен айырмашылық бар. Негізі мені «өзімізде» көмекке мұқтаждар көп бола тұра, «өзгелерге» көмектесіп жүргенім үшін айыптап, сөгетіндер көп. Алайда сол «өзіміздің» азаматтар үшін жиналатын ақша әдетте өте аз шығады, тіпті бір бекітілген соманы жинау қатты қиынға соғып жатады. Кейде онкологиялық ауруы бар баланың аналары жылап, көмек сұрап хабарласқанның өзінде, олардың ем-домына қажет соманы жинай алмай жатамыз. Мүгедек балалардың арбасына да ақшаны әрең жинаған болатынбыз.

Мүмкін адамдар үшін «Мен Африкаға көмектестім» дегені Қазақстанның зейнеткерлеріне көмектескеннен әлдеқайда бағалы шығар, өздерін солай жақсырақ сезінетін шығар, білмеймін.

Бала кез келген күні өліп кетуі мүмкін, сол үшін төлқұжат тек 5 жасқа толғанда беріледі

Ең өкініштісі – Африкадағы балалар тек бүгінгі күнімен өмір сүреді, болашаққа, ертеңгі күнге ешқандай ықтималдылық жоқ, олар да үмітсіз. Біздің балалар мен ондағы балалардың өмір көрінісі жер мен көктей. Ойыншық орнына пакеттен доп жасап жүгіреді, ол балалар өмірінде шоколад жеп көрмеген, сенесіз бе? Африкадағы балаларға ондай күнге жетудің өзі екіталай, тек 5 жасқа келгенде төлқұжат беріледі.

Африка мектептері

Әрине, кедейшілік бүкіл әлемде бар, түсінемін. Бірақ, жоқшылық дегеннің астарында қарапайым бір тамшы суға зар болу екенін өз көзіңмен көріп, ішің жылайды. Бізде өзен болып ағып жатқан су есіңе түсіп, іштей үрей де пайда болады екен. Олардың ішкен суының қандай екенін, оқитын сыныбының жағдайын білсеңіз ғой, медицинасы тіпті әлсіз.

Неден қорқуым керек?

Негізі, бұл бір қалау, ниет ісі болғандықтан, анау айтқандай қиындықтар бар деп айта алмаймын. Алайда, көмекке мұқтаж адам өте көп, олардың бәріне бірдей жәрдем бере алмайтыным қынжылтады.  Бірақ қазір көмек қолын созғысы келетіндер, ай сайын қайырымдылыққа қаржы аударуды игі әдетке айналдырғандар саны артып келеді. Содан болар, тіпті пандемия кезінде де Африкаға қажет соманы жинай алдық. Бұл мен үшін, шынымен, таңғаларлық құбылыс болды.

«Қорықпайсың ба?» дейтіндер бар. Неден қорқуым керек? Мен бұл өмірде тек тұтынушы болғым келмейді, сол үшін де осы іспен айналысамын. Қолымнан келгенше көмектесудемін, бір өзгерістің болғанын күтіп отырып өмір өткізуге болмайды ғой, біздің әр әрекетіміз өзіміз қалаған өмірді қалыптастыру жолындағы үлкен қадамға тең.

Қазір бар жоғы төрт мың оқырмандық инстаграм парақшам арқылы қайырымдылық үшін миллиондап қаражат жинай алатыным қуантады. Енді тек тоқтамай, осы игі істі жалғастыру керек. «Ниет болса, бәрі болады» деген жақсы сөз бар ғой, қазір адам көбейіп, адамгершілік әлсіреген заманда бұл істің бір мәнге ие деп ойлаймын.

 

Байланысты жаналықтар

Перизат Қайрат Палестина халқына да «қайырымдылық жинаған»

16.11.2024

Маймыл шешегі: Германияда жаңа штаммды жұқтырған адам анықтылды

23.10.2024

Маймыл шешегінен 50 адам қайтыс болды

18.10.2024

Сахараны су басып жатыр

10.10.2024

«Марбург Қазақстанда жоқ». Бас санитар қауіпті вирустың елімізде тіркелмегенін айтты

10.10.2024

Шығыстың еріктілері елдің алғысына бөленіп жүр

01.10.2024
MalimBlocks
Перизат Қайрат Палестина халқына да «қайырымдылық жинаған»

ҚМА тағы оған қатысты бір дерек анықтағанын мәлімдеді

Маймыл шешегі: Германияда жаңа штаммды жұқтырған адам анықтылды

Жаңа штамм бұрынғысына қарағанда аса жұқпалы болып саналады

Маймыл шешегінен 50 адам қайтыс болды

Бұл соңғы бір апатадағы дерек

Сахараны су басып жатыр

Табиғаттың тосын мінезінен Алжир мен Мароккода 20 адам көз жұмған

«Марбург Қазақстанда жоқ». Бас санитар қауіпті вирустың елімізде тіркелмегенін айтты

Дегенмен елге сырттан кіру жолдары бойынша ескертіп жатыр

Шығыстың еріктілері елдің алғысына бөленіп жүр

Облыста екі мыңнан атсам волонтер бар