Сәкеннің ғажап жеңісі
Қазақ боксшысы Сәкен БИБОСЫНОВ (52 келі) Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарлайды.
Қазақ спортшысы испаниялық қарсыласы Габриэль ЭСКОБАРДЫ жеңді. Сәкен бірінші раунда қарсыласын нокдаунға жіберді. Барлық раундта басым көрінгенімен қазылар 3-2 есеппен жеңісті қазақ боксшысына берді. Бибосынов бірінші жекпе-жегінде Пуэрто-Рикодан келген Янкиель Ривераны 4:1 есебімен жеңсе, одан кейін франциялық Биллал Беннамнан 5:0 есебімен айласын асырды.
Биылғы Токио олимпиадасында жүлдеден дәмелі деген Бекзат НҰРДӘУЛЕТОВ, Василий ЛЕВИТ, Абылайхан ЖҮСІПОВ жарыс жолынан шығып қалған еді. Сәкеннен өзге Закир Сафиуллин (63 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) жарысты жалғастырып жатыр.