Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Заңғар Нұрланұлы Кореядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Спорт
Заңғар Нұрланұлы Кореядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Ванджу (Оңтүстік Корея) қаласында жасөспірімдер арасында жекелей сында ITF J300 WANJU (CLOSED REGIONAL CHAMPIONSHIPS) турнирінің жартылай финалына шыққан теннисшілер анықталды.


Азияның 16 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, қазақстандық Заңғар Нұрланұлы (94 ITF Juniors) табысты өнер көрсетуде.

Заңғар ширек финалда Корея өкілі Йенс Джейонгті (87 ITF Juniors) 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді. 

Қазақстандық теннисші жартылай финалда турнирдің бірінші ракеткасы, корт иесі Хойонг Рохпен (12 ITF Juniors) шеберлік байқасады.

Сонымен қатар Әмір Омарханов (Қарағанды) пен Мәлика Әмірғалиева (Өскемен) осы додада жұптық сында финалға жолдама алды. 

Турнирдің бірінші ракеткалары Ә.Омарханов пен Хойонг Рох (Корея) жартылай финалда жапониялықтар Шион Итсусаки – Хиромаса Коаяманы жолдан тайдырды 6:3, 6:4. 
Сенбі күні қазақстандық-кореялық жұп корт иелері Йенс Джейонг – Джангжун Киммен чемпиондық атақ үшін таласады.

Қыздар арасында М.Әмірғалиева тайбэйлік Ю Чен Лимен бірге жартылай финалда тағы бір тайбэйлік Ю Чинг – кореялық Джун Охтан айласын асырды – 6:3, 6:3.

Мәлика мен Ю финалда кореялықтар Йесунг Чо – Су Джонгпен бас жүлдені сарапқа салады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу