Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Су тасқыны: Жайық өзеніне еріген қар суы Ресейден құйылып жатыр

Қоғам
Су тасқыны: Жайық өзеніне еріген қар суы Ресейден құйылып жатыр

Ресейдің Челябинск, Орынбор облыстарында биыл қар мол түскен. Енді еріген қар суы Жайыққа құйылып жатыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Макс Боқаев айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Гидрогеолог мамандардың айтуынша, биыл Ресейдің Челябинск, Орынбор облыстарында қар өте көп жауды дейді. Сол еріген қардың суы Жайыққа құйылып жатыр. Екі аптадан кейін біздің өңірімізге келеді. Бұл - сарапшы мамандардың зерттеулеріне сүйеніп жасалған болжам. Міне, алды келіп те жатыр. Әрине, алдын алу үшін дайындалу керек. Төтенше жағдай министрлігі, басқа да мекемелер, Жайықтың бойында отырған ел-жұрт сақадай сай болуы қажет.

Бұған дейін ТЖМ еліміздегі су тасқыны бойынша жаңа деректерді жариялады.

Атырау облысында табиғи апат салдарынан төтенше жағдай жарияланды.

БҚО-да Жайық өзені 10 метрге дейін көтерілуі мүмкін екені белгілі болды.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу