Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Шығынды ақтады": Қайрат Боранбаев Чемпиондар лигасындағы табыс туралы айтты

Спорт
"Шығынды ақтады": Қайрат Боранбаев Чемпиондар лигасындағы табыс туралы айтты

Алматылық «Қайраттың» басшысы Қайрат Боранбаев УЕФА турнирлерінің клубқа әкелетін пайдасын түсіндірді, деп хабарлайды
Malim.kz malimsports.kz-ке сілтеме жасап.
 

Испандық EFE агенттігіне берген сұхбатында ол Чемпиондар лигасындағы сыйақылардың көлемі клубтың жылдық бюджетімен салыстырғанда үш есе артық екенін атап өтті.

«Чемпиондар лигасындағы сыйақылар клубтың жылдық бюджетінен үш есе артық. Ал салыстыру үшін айтсам, Азия чемпиондар лигасында бар болғаны 25 мың еуро ғана алатын едік. Сондықтан еуропалық турнирлердің тұрақтылығы мен болашағын асыра бағалау мүмкін емес. Тіпті Конференциялар лигасының өзі команданың бір жылдық бюджетіне тең табыс әкеледі», – деді Боранбаев испандық EFE агенттігіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Кайрат» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған еді. 

Фото: Ашық дереккөзден 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу