freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды

Спорт
Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды
ҰОК

Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ел біріншілігіне еліміздің 16 өңірінен 160-тан астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында ұлттық құраманың көшбасшылары да бар. 

Дегенмен бұл бәсекеге Нұрғиса Әділетұлы мен Алексей Чуркин қатыспайды. Жыл басында екі спортшыға да ота жасалған болатын. Қазір олар жарақатынан толық айығып, қалыпқа келу кезеңінен өтуде.

Айта кетейік, ел біріншілігінің қорытындысы бойынша 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жасақталады.

Қазақстан чемпионаты 19 мамырға дейін жалғаспақ. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу