Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тарихи жүлде: Қазақстандық спортшы фристайл-акробатикадан әлем чемпионы атанды

Спорт
Тарихи жүлде: Қазақстандық спортшы фристайл-акробатикадан әлем чемпионы атанды

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Дінмұхаммед Райымқұл Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Дінмұхаммед Райымқұл финалда 104.52 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Екінші орынға қытайлық Юйхэн Ян (101.79 ұпай) жайғасса, қола жүлдені оның отандасы Чжичен Ян (94.82 ұпай) иеленді. 

Айта кетейік, Дінмұхаммед Райымқұлдың жүлдесі Қазақстан үшін тарихи медаль саналады. Өйткені фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде ел қоржынына алғаш рет алтын медаль түсті. 

Осыған дейін Алматыдағы әлем чемпионатында фристайл-могулдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үш медаль еншілеген еді. Анастасия Городко могул бойынша күміс және параллель могулда алтын жүлде жеңіп алды. Ал Юлия Феклистова мен Денис Раструба аралас командалар арасындағы жарыста күміс медальға ие болды. 

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу