Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Швейцария президентіне курорттағы адамдар қазасына байланысты көңіл айтты

Саясат
Тоқаев Швейцария президентіне курорттағы адамдар қазасына байланысты көңіл айтты
Фото: swissinfo.ch

Мемлекет басшысы Швейцария президентіне тау шаңғысы курортында адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының президенті Ги Пармеланға Кран-Монтана тау шаңғысы курортында болған өрттің қайғылы салдары салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты», — делінген хабарламада.

Қазақстан президенті қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қолдау сөздерін жеткізіп, осы ауыр сәтте Швейцария халқымен ынтымақтастығын білдірді.

Еске салайық, Швейцарияның оңтүстігіндегі тау шаңғысы курортында болған өрт салдарынан кемінде 40 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу