Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Саясат
Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 
Кездесуде:

  • Yandex Qazaqstan компаниясы қызметінің негізгі бағыттары мен жоспарлары қарастырылды;
  • компанияның интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту және жасанды интеллект технологиясын дамыту бастамаларына айрықша назар аударылды;
  • мәдени мұраны озық технологиялармен интеграциялау мәселесі талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

  • Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық трансформацияға, шағын және орта бизнесті қолдауға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесіне жоғары баға берді;
  • жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде мәдени бірегейлікті сақтаудың, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетін цифрлық кеңістікте ілгерілетудің мәні зор екенін атап өтті.

Даниил Шулейко:

  • платформа арқылы жұмыспен қамту жобасы нәтижесінде 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі «Яндекс. Такси» серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болғанын жеткізді;
  • Астанада жаңа инновациялық жобаларды іске қосу жоспары жөнінде баяндады;
  • AI-Sana бағдарламасына атсалысуға дайын екенін растады.

2024 жылы компания елімізге 29,5 млрд теңге көлемінде салық төлеген, ал 2016 жылдан бері Қазақстан экономикасына 225 млрд теңгеден астам инвестиция құйған.

Фото: Ақорда 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу