АҚШ президенті Дональд Трамп ауқымды операциядан кейін Венесуэла басшысы Николас Мадуроның жұбайымен бірге ұсталып, елден әкетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Америка Құрама Штаттары Венесуэлаға және оның көшбасшысы — президент Николас Мадуроға қарсы ауқымды соққыны сәтті жүзеге асырды. Николас Мадуро жұбайымен бірге қолға түсіп, елден шығарылды. Бұл операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілді. Толық мәлімет кейінірек жарияланады. Бүгін сағат 11:00-де Мар-а-Лаго резиденциясында баспасөз мәслихаты өтеді. Осы мәселеге назар аударғандарыңызға рақмет! — деп жазды Трамп.