Классик жазушы Асқар Сүлейменов

Көрнекті жазушы, драматург, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Асқар Сүлеуменов 1938 жылы 29 желтоқсанда қазіргі Түркістан облысының Созақ ауданы Шорнақ ауылында туған.

Malim Админ

  • 08.10.2024

 Созақ ауданындағы орта мектепті бітірген соң Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих-филология факультетін және сол институттың аспирантурасын бітірген. «Жұлдыз» журналында, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында, «Парасат» журналында қызмет істеген. Жастайынан кітапқұмар ол мектеп кітапханасындағы бүкіл кітапты оқып тауысқанын мұғалімдері мен сыныптастары аңыз ғып айтады.

Оның дегдарлығы мен парасаттылығы жөнінде замандастарының естеліктерінде көп айтылады. «Шашылып түскен тіркестер» деген шағын ой-толғамдары қоғам туралы өзгеше ойларымен құнды.

 «Бесін», «Адасқақ», «Бесатар» прозалық кітаптардың, әдебиет және өнер жайлы жазылған көптеген мақалалардың авторы. «Арғымақ пен шабандоз», «Құлагер» киносценарийлерін жазды. «Кек», «Жазушымен жүздесу», «Жетінші палата» драмалары, «Болмыс пен бетпе-бет», «Кек» (2001) кітаптары жарық көрді. Ол Б. Брехтің, Е. Шварцтың пьесаларын аударған. 1996 жылы «Ситуациялар» триптихы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Жазушы туралы «Парасат падишасы» атты кітап шықты.

1992 жылы Алматыда қайтыс болды.

Созақ және Сарыағаш аудандарында мектептерге ол кісінің есімі берілген.

Байланысты жаналықтар

Мұқағали минуттары

07.10.2021

Сатыбалды Нарымбетов. Жастармен жарысуға болады

07.03.2021

Әбіш Кекілбайұлы. Фариза

25.12.2020

Сарсаңда өткен сол бір кез...

04.04.2020
MalimBlocks
Мұқағали минуттары

Сатыбалды Нарымбетов. Жастармен жарысуға болады

Әбіш Кекілбайұлы. Фариза

Сарсаңда өткен сол бір кез...