Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Уимблдон-2024: Зарина Дияс турнирді сәтті бастады

Спорт
Уимблдон-2024: Зарина Дияс турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Уимблдон-2024-тің іріктеу матчын сәтті бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

WTA рейтингінде 967-орында тұрған Дияс ширек финалда әлемнің 208-ракеткасы таиландтық Мананчая Савангкаевпен ойнады.

Кездесу Диястың жеңісімен аяқталды – 7:5, 7:5. Матч бір сағат 47 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында отандасымыз екі эйсті жүзеге асырып, екі қосарланған қателік жасады.

Дияс іріктеудің жартылай финалында әлемнің 138-ракеткасы американдық Сачия Викеримен ойнайды.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу