Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина мен АҚШ табиғи ресурстар бойынша келісімге қол қоймақ

Әлем
Украина мен АҚШ табиғи ресурстар бойынша келісімге қол қоймақ

Украина мен АҚШ жақын күндері жер қойнауына қатысты стратегиялық келісімге қол қоюы мүмкін. Бұл туралы Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль мәлімдеді.

Оның айтуынша, келісімнің негізгі тармақтары келісілген, енді тек техникалық құжаттар дайындалуда.

Келісім аясында инвестициялық қор құрылып, оны қаржыландыру тәртібі реттеледі.

АҚШ тарапынан көрсетілетін әскери көмек қор жарнасы ретінде есептелуі мүмкін.

Қор алдағы 10 жыл бойы Украина экономикасының дамуына инвестиция құяды.

Шарт бойынша:

• Украина барлық табиғи ресурстар мен инфрақұрылымға бақылауды өз қолында сақтайды;

• Екі тарап үшін кедендік баж салығы (нөлдік мөлшерлеме) алынып тасталады;

• АҚШ басқа халықаралық серіктестерді тартуға міндеттеледі.

Бұл келісім «тең құқықты серіктестік» форматында іске асады деп күтілуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу