Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украиналықтар Донецк облысынан жаппай кетіп жатыр

Әлем
Украиналықтар Донецк облысынан жаппай кетіп жатыр
Фото: reuters

Өткен айға дейін Донецк облысында пойыздар қатынап тұрған, алайда қазір Ресей армиясының ілгерілеуіне байланысты теміржол қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Платформаларда украин әскері мен қарапайым тұрғындар араласып, оларды қауіпті аймақтан алысқа алып кететін келесі пойызды күтіп тұр.

Александр – Батысқа қашып үлгеруге тырысып жатқан көптеген тұрғынның бірі. Ол келісімге келетін уақыт жетті деп санайды: «Ресейдің талаптары біз үшін қолайсыз шығар, білмеймін… бірақ, жеке өзім қазір сол шарттарға келісер едім», – дейді ол.

Александр болашақта елге қайта ораларын өзі де білмейді. Көптеген басқалар сияқты, ол да жаңа жерде қоныстануды ойлап жүр.

Евгений әйелі Марина және екі баласымен бірге Краматорскідан жаңа ғана келген. Марина: «Дрондар көбейіп кетті», – дейді.

«Көшеге шығудың өзі қиындап барады. Бәрі қауіпті. Тіпті дүкенге барып, қайта оралмауың да мүмкін», – деп қосады ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу