Астанада көкпар мен бәйге жарыстары өтті

Фестиваль Республика күні және Мәслихаттардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған

Мәди Саматұлы

  • 13.10.2024

Астанадағы «Қазанат» ипподромында Республика күні және Мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына орай ұлттық ат спорты фестивалі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы ЕРлан Каналимов әлеуметтік желіде жазды.

Оның жазуынша, солтүстік өңір командалары арасында өткен көкпар сайысы ең әсерлі болған.

Бір қызығы, бұл түрдегі жарыстар 4 жылдан астам уақыт бойы мұндай форматта өткізілмеген. Турнир қорытындысы бойынша көкпар сайысы бойынша Қостанай облысының командасы жеңіске жетіп, финалда Астана қаласының құрамасын жеңді. Үшінші орынды Қарағанды облысының көкпаршылары иеленді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 12 млн. теңгені құрады, деп жазды ол.

Ал 9 шақырымдық «Құнан» бәйгеде Қостанай облысының өкілі Темірлан Застежко, 9 шақырымдық «Жорға» жарысында Абай облысының шабандозы Қымбат Семей, 15 шақырымдық «Топ» бәйгеде Алматы облысының өкілі Сенбек Мұқағали, 25 шақырымдық «Аламан» бәйгеде елордалық Дулат Нұрмұхамбет жеңіске жетіп, бас жүлдені қанжығасына байлаған.

Фото: facebook/Ерлан Каналимов 

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.