Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңа облыстардағы әкімшілік ғимараттар үшін бюджеттен 12 млрд жұмсалады

Саясат
Жаңа облыстардағы әкімшілік ғимараттар үшін бюджеттен 12 млрд жұмсалады

«Қазір жергілікті атқарушы билік органдары жаңа құрылған облыстардағы әкімшілік ғимараттарды қамтамасыз ету үшін қанша қаражат керек екенін есептеп шықты. Алдын ала болжам бойынша 12 миллиард теңге қажет болуы мүмкін», - деді Қуантыров.

Ол қай облысқа қанша ақша бөлінетіні туралы айтпады. Тек қаражаттың Қазақстан заңнамасына сай жұмсалатынын қоса кетті.

Айта кетейік, алдыңғы аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жаңа құрылған облыстарға әкімдер тағайындалды. Алматы облысына, Марат Сұлтанғазиев, Жетісу облысына Бейбіт Исабаев, Ұлытау облысына Берік Әбдіғалиұлы, Абай облысына Нұрлан Ұранхаев әкім болды. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы әкімдері өз орнында қалды. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев қызметінен кетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу