Статьи по теме: Дүкенбай Досжан

Найдено 2 вариантов:

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды
Сұқбат

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.

  • 30.12.2024
Дүкенбай Досжан. Қымыз
Әдебиет

– Ағаң шақырып жатыр, – деген дауыстан төргі бөлмеге ентелей ендім. Босағада ұшыраса кеткен жеңешемнің жанарынан жас көрдім. Тұла бойым дір ете түсті: әлі жылауға жетпеген, әйтеуір бір үзіліп түсуге тиіс, төгілуге тиіс жалғыз тамшы ғана жас. Бөлменің іші алакөлеңке, қоңырсалқын екен. Қос терезе кең ашылған. Жібек шілтер сырттағы шілденің керімсалы мен шыбын-шіркейіне көлегей боп, әрәдік лықылдай соққан лептен көлең ете түседі. Төрде, тақтай еденге көсілте салған ақ төсек, үстінде арыстай созылған ағам жатыр. «Кереуеттің шиқылынан миым ашып кетті» деп төсекті жерге салғызған. Елудің үстіне енді ғана шыққан палуан денесі көрер көзге кішірейіп кеткендей. Бас жағындағы үлкен керсенде базардан алып келген құнан қымыз шүпілдеп тұр, тағы да татып алмапты. Ішпесе де өстіп басында тұрады. Жұпар иісі танауымды кернеп кетті. Осы қышқылтым нәрден қайран аға кер даланың, оның төсіндегі көкпардың, дүрсілі басылған жастығының қасиетін қайта сезінеді екен ғой. Сезіп жатып марқаяды екен ғой. Енді білдім. Ағаны дімкәс алғалы жылдан асты. Кешегі Ұлы Отан соғысының өртіне күйіп шыққан, сосынғы Сыр бойының көп бейнетіне белшеден батып шыныққан томардай денесі әуелде дертке сыр бермеді. ...Жапанда жүз жасаған қара ағаш болмаушы ма еді. Өзегіне құрт түссе де ондаған жылға өңін бермей, өмір үшін күресетін. Көктем сайын шыбығына нәр жіберіп айбарлана шулайтын. Өзегін зәлім құрт кеміріп, кеуектеп біткенше бүр жара беретін. Ақыры күллі денесі боркемік боп шірігенде барып күресін тоқтатушы еді, үр бұтағы сояу-сояу болып қаңқасы ғана қалатын. Сонда да көпке дейін жығылмай жол қараушыдай қалқиып тұратын. Қазіргі ағамның халі тап сол алып дарақты елестетті. Қайран ердің ажал құрты қай жерінде жүргенін білмеймін. Әйтеуір бойына еніп кезіп жүргені анық. Әуелде ағам жарты жылға дейін ұжым жұмысынан қалған жоқ, күйекті өткізді, малды Сырға аударды, тырбанып келесі көктемнің қамына кіріскен, денеге түскен дертке ырық бермей көп сүйретілді. Жеңешем екеуміз ғана ағаның шын ауырып жүргенін білдік. Қалған жұрт құлағанша сезген жоқ, қайта жиын-тойда, отырыста: «татып алмайсың, сірә, молда боларсың», «дүние жиып байығалы жүрсің бе?», «ұжым бастығынан өсіп райкомға барарсың тегі» деп қажап, әжуалап бітетін. Қара ағаштай қайыспай жүре берер ме еді, пәле қазанбас Әуелбектің тракторшы баласынан басталды, сол дарақы араққа тойып алып паромға түседі, тракторын тақтайға қисық қойып дарияға құлайды. Ажалсызға дауа жоқ, тырбанып жүріп өзеннен өзі шығыпты, су жаңа трактор дария астында ұйыққа батып қалыпты. Дәл сол күні аға үйге ренжіп, қабағына кір тұтылып келген, содан «жұмыстың қызығы қалмады түге», – деп жүрді. Жеңешем пісірген астың «дәм-тұзы білінбейді», – деп бір сездірді, осыдан біраз бұрын ғана балға теңейтін тәтті шәй, қышқыл тұшпара, үлпілдек қазы қалай ғана өзгеріп кеткенін білмедік. Сосын «асқа зауқым шаппайды», – деді, сосын, «ас өтуі қиындап жүр», – деді, міне екі айдың жүзі, – сар жамбас болып төсекте жатыр.

  • 23.12.2024