АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

АҚШ-тың демократ-конгрессмені Эл Грин қазіргі президент Дональд Трампқа импичмент жариялау рәсімін бастауды ұсынды

Сұлу Бөлек

  • 06.04.2025

АҚШ-тың демократ-конгрессмені Эл Грин қазіргі президент Дональд Трампқа импичмент жариялау рәсімін бастауды ұсынды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі The Hill басылымына сілтеме жасап.

Конгрессменнің айтуынша, алдағы 30 күн ішінде ол АҚШ президентіне қарсы импичмент жариялау туралы баптарды Конгреске ұсынбақ.

Вашингтонда Трампқа қарсы митингке қатысушылар алдында сөйлеген Техас штатынан сайланған Демократиялық партия өкілі бұрынғы президенттің "атқарушы билік басында отыруға лайық емес" екенін айтты.

"Президент Трамптың ұстанымы анық: ол әрдайым әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын – Social Security, Medicare және Medicaid – осы көмектерге құқығы бар адамдар үшін қорғап келеді. Ал демократтар бұл жәрдемақыларды заңсыз иммигранттарға да беруді қолдайды. Бұдан бағдарламалар күйреп, қарт америкалықтарға ауыр соққы болады", – деді Ақ үй баспасөз хатшысының көмекшісі Лиз Хастон басылымға берген пікірінде.

Айта кетейік, бұған дейін де Грин Трамптың алғашқы президенттік мерзімі кезінде бірнеше рет импичмент бастамасын көтеруге тырысқан, алайда олардың бәрі сәтсіз аяқталған.

2 ақпанда Өкілдер палатасы 4 ақпандағы Трамптың Конгреске арнаған жолдауы кезінде тәртіпті бұзғаны үшін Гринге ресми түрде сөгіс жариялады. Бұл шешім 224 конгрессменнің қолдауымен, 198-і қарсы болып, 2 адам қалыс қалған жағдайда қабылданды. Осылайша, Грин Өкілдер палатасының осындай сөгіс алған 28-ші мүшесі атанды.

Фото: Rebecca Noble / Getty Images

Байланысты жаналықтар

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025
MalimBlocks
АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды