АҚШ Украинаға 200 млн долларға жаңа әскери көмек беретін болды

Әскери көмекке оқ-дәрілер, снарядтар және зымырандар кірді

Арман Қайыпхан

  • 29.07.2024

АҚШ қауіпсіздік саласы аясында Украинаға жаңа көмек пакетін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz golosameriki.com сайтына сілтеме жасап.

Әскери пакетке әуе қорғанысына және HIMARS жүйелеріне арналған оқ-дәрілер, миномет снарядтары және танкке қарсы Javelin зымырандары кіреді.

Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік коммуникациялары жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирбидің айтуынша, жаңа әскери көмектің құны Пентагон қорларынан 200 миллион долларға тең. 

Сонымен қатар АҚШ Қорғаныс министрлігі Украинаның қауіпсіздік бастамасы қорының (USAI) қаражатынан шамамен 1,5 миллиард доллар бөлінетін мәлімдеді. 

Бұл пакетке Украинаның әуе қорғанысын, атыс және танкке қарсы қаруды күшейтуге арналған құралдар, сондай-ақ АҚШ-тың Киевке бұрын берген техникасын қолдауға арналған құрал-саймандар кіреді.

Айта кетейік, бұл 2021 жылдың тамызынан бастап Украина үшін Пентагон қорларынан Байден әкімшілігі ұсынған 20-шы көмек пакеті және 62-ші әскери техника траншы.

Фото: Yaraslau Mikheyeu via Getty Images

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті