Ресей Украинадағы соғыста 600 мың әскерінен айрылды – Дональд Трамп, АҚШ президенті

Оның сөзінше, Ресей Сириядағы жағдайға деген қызығушылығын жоғалтқан

Мәди Саматұлы

  • 08.12.2024

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинамен жүріп жатқан соғыста Ресейдің 600 мың, ал Украинаның 400 мың әскерінен айрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ-тың жаңа президенті бұл пікірін әлеуметтік желіде жазды. Ол Сирияда Асадтың биліктен түсіп, елінен қашып кеткенін, ал оның қорғаушысы – Владимир Путин басқаратын Ресей енді оны қорғауға мүдделі емес екенін айтқан.

Бастапқыда-ақ Ресейдің Сирияда болуының ешқандай мағынасы болмады. Қазір олар Сирияға қызығушылықтарын жоғалтты, өйткені Украинадағы жағдай басымдыққа айналды. Сол жерде шамамен 600 мыңға жуық ресейлік сарбаз жарақат алған немесе қаза тапқан, бұл соғыс ешқашан басталмауы керек еді және енді шексіз жалғасуы мүмкін, деді ол.

Трамптың сөзінше, қазір Ресей мен Иран әлсіреп отыр, біреуі – Украинадағы соғыс пен нашар экономика салдарынан, екіншісі – Израильдің әскери жетістіктерінің кесірінен. Сол сияқты, Зеленский мен Украина да бұл соғысты тоқтатып, келіссөздер жүргізуді қалайды. Олар 400 мың сарбаздан және одан да көп бейбіт тұрғындардан айырылды, бұл өте ауыр шығын.

Дереу атысты тоқтатып, келіссөздерді бастау керек. Өте көп адамдар өмірлерін босқа жоғалтып жатыр, көптеген отбасы қирады. Егер бұл жалғаса берсе, одан да үлкен және қауіпті нәрсеге айналуы мүмкін. Мен Владимирді жақсы білемін. Бұл – оның әрекет ететін кезі. Қытай да көмектесе алады. Әлем күтіп отыр!, деп жазды Трамп.

Фото: rbc.ua

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті