Ресей Украинаны жоя алмады. НАТО бұрынғыдан күшей түсті

Ақырғы екі-үш күннен бері БҰҰ-да әлем басшылары бас қосуда. Сондағы айтылған бір сыпыра пікірлерге ықшамды шолу:

Malim Админ

  • 25.09.2024

Байден не деді?

Путиннің соғысы сәтсіз аяқталды. Оның басты мақсаты Украинаны жою болды, бірақ Украина еркін болып қала береді! Ол НАТО-ны әлсіретуді көздеді, бірақ НАТО екі жаңа мүшемен, Финляндия мен Швециямен толығып, бұрынғыдан да үлкен, бұрынғыдан да күшті болды! * Біз қазір шаршадым дей алмаймыз! Украина БҰҰ Жарғысына негізделген әділ және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізбейінше, Украинаны қолдаудан бас тартпаймыз!

Ердоған не деді? 

Біз Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне негізделген дипломатия мен диалог арқылы соғысты тоқтату үшін барымызды салатын боламыз

Гутерииш не деді?

Ресейдің Украинаға қарсы ашқан соғысының салдарынан Украинада 15 миллион адам гуманитарлық көмекке мұқтаж! 10 миллионға жуық адам өз үй-жайларын тастап, босып кетуге мәжбүр болды. Ал соғыс басталғалы-бері Ресей 11 мыңнан астам бейбіт халықты аяусыз өлтірді.

Зеленский не деді?

Ресейдің заңсыз президенті Путиннің көптеген халықаралық нормаларды бұзғаны сонша, енді оның өзі тоқтамайды. Ресейді соғысты тоқтатуға, бейбітшілікке мәжбүрлеу керек! Бұл соғыста – БҰҰ Жарғысын бұзушы жалғыз ел – Ресей! Бұл соғыста жалғыз агрессор бар. Ол – Ресей!

Боррель не дейді?

Украина халқы қазір бейбітшілік үшін ең жоғарғы құнды, яғни өз өмірлерін бәске кігіп отыр! Соғысты тоқтатудың жалғыз әрі жылдам жолы – басқыншыларды қуып шығу. Сонда ғана соғыс тоқтайды! Біз көмекті тоқтатсақ, Украина жеңілуге мәжбүр болады! Біз соғыстың олай аяқталғанын, Украинаның жеңілгенін қаламаймыз! Ұлттық бірегейлігінен, жері мен еркіндігінен айырылып, «екінші Беларусь» болғанын қаламаймыз!

Автор: Нұргелді Әбдіғани

Фото: Reuters

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті