АҚШ демократтары сөзден сүрінген Байденді соңына дейін қолдамақ

Дебат кезінде аузына сүбелі сөз түспеген, орамды ой айта алмаған Байденнің мүмкіндігі туралы тақырып әлі талай талқыға түсетін сыңайы бар.

Malim Админ

  • 01.07.2024

АҚШ-тың демократиялық партиясының көшбасшылары елдің кезекті президент сайлауында Джо Байденді басқа кандидатпен алмастыруға қатысты ұсынысқа жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

27 маусым күні кешкі 21:00-де Атлантада президенттікке үміткерлер арасында алғашқы дебат өтті. Трамппен пікірталас барысында Байден өз ойын жеткізе алмаған. Содан кейін АҚШ-тың қазіргі президентіне күдікпен қарайтындар көбейген. Биыл 81 жасқа келген Байден алдағы 4 жылда жауапты міндетті атқара ала ма деген сауал саясаткерлердің қызу талқылайтын тақырыбына айналған. Бұл туралы "Америка дауысы" хабарлады.

Маусымның 30-ы күні "Америка дауысының" орыс қызметі демократтардың жетекшілері «Байденді кім алмастырады?» деген мәселені көтергені туралы жазған. Мақалада АҚШ демократтары «Байденді жас үміткермен алмастыру керек» деген ұсыныстан да әзірге бас тартқаны айтылған. 

"Олай ешқашан да болмайды", - деді Джорджия штатынан сайланған сенатор-демократ Рафаэль Уорнок. Оның сөзінше, сәтсіз пікірталастар қашан да болады.

NBC бағдарламасына сұхбат берген сенатор Байденмен соңына дейін бірге болатындарын мәлімдеді.

Бұл жердегі басты сұрақ: "Дональд Трамп кім үшін сөйледі? Өзі және өзі сияқтылар ғана үшін бе? Мен Джо Байденмен біргемін және біздің міндетіміз – оны қараша айында жеңіске жеткізу", - деді ол. 

Палатадағы демократиялық партияның көшбасшы Хаким Джеффрис болса MSNBC-ке берген сұхбатында "егер оның партиясы қараша айында палатада көпшілік дауыс иеленсе, келесі жылы спикер болатынын айтады. Солай десе де, дебат кезінде өзі жақтайтын Байденнің сәтсіз сөйлегенін мойындады.

Демократиялық партияның тағы бір өкілі – Джеймс Клайберн де Джеффристің пікірімен келіседі. 

Байден осы додада қалуы керек. Ол елді басқаруға қауқарлы әрі сол әрекетін бәріне көрсетуі керек, - деді CNN-ге берген сұхбатында. 

Айта кетейік, "Байден президент болмауы керек" дейтін демократтардың қатары 10 пайызға артқаны байқалады. CBS жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, ақпан айындағы 36 пайыздық көрсеткіш қазір 46 пайызға жетіп жығылып отыр. 

Дебат кезінде аузына сүбелі сөз түспеген, орамды ой айта алмаған Байденнің мүмкіндігі туралы тақырып әлі талай талқыға түсетін сыңайы бар. Дегенмен, оның жақтастары саяси сұхбаттарында 81 жастағы "ақсақалдың" сойылын соғып, оның шашбауын көтеруін  жалғастырып жатыр. 

АҚШ-тың республикашылар партиясының өкілдері "Байден сөз додасында сүрінді" деген сөз аздық етеді» дейді. 

Пікірсайыста Байденнің жолы болмады деген ой шындыққа жанаспайды. Оның президенттігінің өзі сәтсіз болды және пікірталас барысында ойын жеткізе алмай "апатқа" ұшырады, - деді Оңтүстік Каролинадан сайланған республикашылар партиясының өкілі, сенатор Линдси Грэм CNN-ге берген сұхбатында.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының 4 штаттағы іс-шарасынан кейін Байден сенбі күні отбасына оралған. Қарт президент те өзінің сәтсіз сөйлегенін мойындап отыр. Бірақ ол қарсыласы Трампқа жай ғана кештің сәтсіз болғанын айтады. 

Егер мен сайлауда жеңе алатыныма жүрегіммен және жаныммен сенбесем, қайтадан саяси додаға түспес едім. Осы сайлаула жеңетінімізге уәде беремін, – деді ол. 

АҚШ-тың The News York Times басылымы Байден жақтастарымен бірге сайлаудан өз кандидатурасын алуға ниетті емес екенін жазды. Ал Politico-ның жазуынша, Байденнің сөзден сүрінуіне негізінен президенттің кеңесшілері кінәлі. 

ВВС тілшілері Байденнің жақтастарымен әңгіме барысында "демократтар оның сайлаудағы кандидатурасын соңына дейін жеткізуді көздейтінін" анықтаған. 

Қалай десек те, алда 81 жастағы Байден мен 78 жастағы Трамп арасындағы саяси дода күллі әлемнің назарынан тыс қалмақ емес. Жақтастары қанша сенімді болғанмен, бұған дейін президенттік лауазымның "дәмін" татқан екеу арасында "жарыстың" жеңімпазын тек сайлау қорытындысы анықтайды.

Айта кетейік, АҚШ тағы президент сайлауы 2024 жылдың 5 қарашасына белгіленген.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

АҚШ БҰҰ-ның Газада атысты тоқтату туралы қарарына вето қойды

21.11.2024

Пентагон құжаттарын жариялады деп айыпталған Джек Тейшейра сотталды

13.11.2024

Илон Маск АҚШ Үкіметінің жұмысына араласады

08.11.2024

Дональд Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болды

07.11.2024

Трамп Ресей мен Қытайды тізгіндей ала ма?

07.11.2024

Камала Харрис жеңілгенін мойындап, Дональд Трампты құттықтады

07.11.2024
MalimBlocks
АҚШ БҰҰ-ның Газада атысты тоқтату туралы қарарына вето қойды

Қарарға АҚШ-ты қоспағанда Кеңестің қалған 14 мүшесі дауыс берді

Пентагон құжаттарын жариялады деп айыпталған Джек Тейшейра сотталды

2022 жылдың соңында құпия файлдарды жүктей бастаған

Илон Маск АҚШ Үкіметінің жұмысына араласады

"Бюрократияны шектеп, құрылыс салуға мүмкіндік беруіміз керек" деді ол.

Дональд Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болды

Дауыстарды есептеу мен сайлаудың қорытындысын растау 6 қаңтарда өтеді

Трамп Ресей мен Қытайды тізгіндей ала ма?

Сайлау өткен соң Вашингтон мен Мәскеудің арасындағы қарым-қатынас өзгереді. Путин Американың ішкі ісіне нақты араласпаса да, оның тұрақсыздығын қалайтыны мәлім. Ол хаос пен үрейді ұнатады әрі соны «саудалағысы» келеді

Камала Харрис жеңілгенін мойындап, Дональд Трампты құттықтады