Ақша игере алмаған министрліктерді атады

Malim Админ

  • 29.10.2020

2020-2022  жылдарға арналған республикалық бюджетті түзетіп, өңдеуге өткен сенат отырысында депутат Ольга Перепечина қолдарында бар қаржыны тиімді игере алмаған министрліктермен таныстырды.

Депутаттың айтуынша, бюджетті өңдеу мен түзетуде ауыл шаруашылығы министрлігі сақтандырылған займ арқылы агроөнеркәсіпті субсидиялауға бөлінген  3,5 млрд теңгені енді басқа мақсатқа бағыттайды.  Яғни, 27- қазанда ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, «қарқынды дамып жатқан ауылшаруашылығына» қатысты есеп беріп шыққан  Сапархан Омаровтың министрлігі 3,5 млрд теңгені дұрыс игере алмаған.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі зерттеу жұмыстарына бөлінген 36 миллион теңгені игермеген.

«Дағдарыстың алдын алу мақсатында еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына бөлінген қосымша 50 млрд қаржының 5,5 млрд теңгесі игерлімеген. Дәл осындай жағдай бизнесті дамыту мен қолдау бағдарламаларында да бар. Ұлттық экономика министрлігі бюджетке 9 млрд теңгені қайтарып отыр. Бұл қаржы «Бизнес -2025 жол картасы» бағдарламасы бойынша,  аймақтағы несиелендіруді жетілдіру керек болатын»,- дейді Ольга Перепечина.

Депутаттың ойынша, министрліктердің қаржының дұрыс игере алмау себебі бұрынғыдай, бюджетті дұрыс жоспарламау, бағдарламаны дұрыс іске асыратын амалдарының жоқтығы, мемлекеттік тапсырыс байқауының жетілмеуі.

 

Байланысты жаналықтар

Мәмин мен министрлер вирусқамақтан шықты

19.06.2020

Бала Божко министрге: «Шешімді жүре қабылдайсыздар»

21.02.2020
MalimBlocks
Мәмин мен министрлер вирусқамақтан шықты

Бала Божко министрге: «Шешімді жүре қабылдайсыздар»