Онлайн-несие. Біреу үшін кредит төлегіңіз кеп тұрса...

Айшолпан КЕРІМ

  • 10.09.2021

Пандемия келгелі елде онлайн қызмет дами түсті. Оның пайдасын алаяқтар да көріп жатыр. Өйткені олар аңқау адамды алдап түсірудің оңай амалдарын жылдам меңгеріп алды. «Менің атымнан микронесие алыпты, кім, қашан алғанын білмеймін» деп хабарласқан бірнеше кейіпкердің «Енді қайда хабарласуға болады?», «Мұндай жағдайда кім көмектесе алады?», «Алаяқтың арбауынан сақтану жолдары бар ма?» деген сұрақтарына Malim.kz тілшісі жауап іздеп көрді.

Ішкі істер министрлігі криминалдық полициясы ұсынған соңғы дерекке сәйкес, биыл интернет-алаяқтары былтырғыдан 2,5 есеге көбейген. Онда да бұл тіркелген қылмыс қана. Ал тіркелмегені, полицияға шағым жазбағаны қаншама?

«ҚР ІІМ криминалдық полициясының деректері бойынша, ағымдағы жылы интернет-алаяқтықтың тіркелген оқиғаларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3392-ден 8464-ке дейін өсті. Алаяқтардың кең таралған құралдарының бірі азаматтарға олардың қатысуынсыз онлайн-кредиттерді ресімдеу», - делінген министрлік хабарламасында.

Ғаламтордағы алаяқтық белгілі бір кәсіпке айналғандай. Алаяқтықтың арбауына, алдауына қай сәтте, қандай жағдайда ұрынып қалуыңды болжау да қиын. Ал онлайн несие дегенді естісеңіз, не сол туралы ойласаңыз, онда алдандым деп есептей беріңіз. Өйткені алдануыңыз оп-оңай: жедел ақша керек болған адам желіден арнайы сайтты тауып, ақша аламын деген үмітпен жеке мәліметтерін тіркейді, ал ақша жоқ. Ал өзіңіз тіркеген мәлімет алаяқтың олжасы.

Микроқаржы ұйымдарының «Бір минутта үйден шықпай-ақ несие ал» деген жарнамалық роликтеріне алданып, сайтқа өтетіндер көп. Алаяқтар да осы сәтті аңдып отырады. Ресми сайттан еш айырмасы жоқ фишингтік сайттар сол алаяқтар құрып қойған қақпан болып шығады.

Қазір несие алу үшін бұрынғыдай банк кезегінде тұрып, бірнеше беттік келісімшартты оқу шарт емес. Микронесие алу тіпті оңай, адамдар ұялы телефон арқылы немесе кез келген дүкен бұрышында тұратын терминал арқылы да лезде ақша ала алады. Бүгінде қазақстандықтың көбі микроқаржы ұйымдарына қарыз, бірақ солардың кейбірі өздері қолына алмаған, алаяқтарға алданып, арқалатып жіберген ақшаны өтеумен әлек. Кейіпкеріміз Әсел де солардың қатарынан.

Әсел, 19 жаста

Екі ай бұрын Әселдің телефонына бейтаныс нөмірден хабарлама келеді.

«Бір күні WhatsApp хабарлама келді. «Атыңызға микронесие алынып жатыр. Растайсыз ба?» дегендей мәтінде. Толық аты-жөнім, ЖСН мен жеке куәліктің берілген күні бәрін дұрыс жазып жіберген, шын екен деп ойладым. Кейін ешқандай несиеге өтініш бермегенімді, керек емес екенін, операцияны болдырмауды сұрадым. Ол үшін Әсел М. екеніңізді растау керек, бізге жеке куәлік көшірмесі мен селфиіңізді жіберіңіз деді. Кейін мүлде басқа микроқаржы ұйымынан атыма 200 мың теңге несие алынған екен. Бұлай боларын білген жоқпын. Ақшасын алмасам да қарыз боп қалдым».

Әсел алаяқтардың арбауына қалай түсіп қалғанын білмейді. Қазір тек бір болжамы бар. Интернет платформалардың бірінде сауда жасау үшін жеке мәліметтерін тіркеп кеткен болуы мүмкін.

«Сотқа жүгініп, арыз жазбадым. Ештеңе ұтпайтын сияқтымын. Оның үстіне ол несие әлі жабылған жоқ. Пайызы артып, қарыз өсіп барады. Ата-анам да білмейді. Енді төлегеннен басқа амал жоқ. Коллекторлар хабарласып, мазамды алып бітті. Ғаламторды қарасам, күніне тек екі рет хабарласуға құқылы екен, кейде отбасыма айтатынын айтып қорқытады. Жақында банк шотым бқғатталып, сотқа да шақыруы мүмкін екен».

Алмат, 33 жаста

OLX арқылы телефон сатпақ болдым. Бір жігіт хабарласып, телефонды сатып алатын болды, кездесетін болдық. Телефон құны 100 мың теңге. Жаңағы жігіт төлемді әпкесі басқа қаладағы банк терминалы арқылы жасайтынын айтып, менің банк картамның нөмірін сұрады. Сосын «Қазір картаңызға 150 мың теңге түседі, әпкеме бағасын қымбаттау айтып едім, ақша түскен соң 50 мың теңгесін өз шотыма аударып жіберші» деп өтінді.

Келісіп, әпкесіне хабарласып, банк картасының нөмірін айттық. Ақша түсті, оның 50 мыңын жаңағы жігітке аударып бердім. Телефонды сатқаныма қуанып, үйге қайттым. Бірнеше ай өткен соң несиеге өсімақы қосылып, төлемегенім үшін іс сотқа өтіп кеткені туралы хат келіп тұр. Менің атымда несие болған емес. Сонда жаңағы алаяққа тегін телефон беріп, өзім қарызға батып, онымен қоймай қолына 50 мың теңгені өз қалтамнан беріп жіберген болып тұрмын ғой ...»

Әсел мен Алматтың жағдайында не істеуге болады?

Онлайн-қарыз бойынша құқықтық көмек көрсету орталығы маманы Айғаным Қияқбаева бұл екі жағдай да соңғы жылдары ең көп кездесетін сценарийге айналғанын айтады.

«Әсел мен Алматтың жағдайы қазір елде өте көп қайталанады. Бірінші кезекте  құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінгені абзал. Сондай қарыз алынған микроқаржы ұйымына хабарласып, алаяқтық фактісі жайлы айтып, ақшаның ары қарайғы аударымын тоқтатуға болады.

Мұндай жағдайға ұрынып қалмау үшін, бірнеше қарапайым қағида бар:

  1. Жеке мәліметтеріңіз бен куәлік, банк картаңыздың суретін ешкімге жіберуге болмайды;
  2. Микроқаржы ұйымы шынымен несие беру үшін ұйымның ресми қосымшасы немесе сайты арқылы міндетті тіркеуді талап ететіне мән беріңіз;
  3. Күдік тудыратын телефон қоңыраулары немесе хабарламалар келген сәтте бірден полицияға хабарласыңыз;
  4. Төлемді қабылдау немесе жіберу үшін тек телефон нөмірін қолданыңыз немесе қолма-қол айырбас жасаңыз.

Маман жоғарыда аталған фишингтік сайттардың ресми сайттан еш айырмасы жоқ болғандықтан, мұндай алаяқтықтың алдын алу қиын екенін жасырмады.

«Алаяқтықты болдырмаудың жалғыз жолы – микроқаржылық ұйымдарын тек дактилоскопия (саусақ іздері арқылы сәйкестендіру) арқылы несие беруге міндеттеу. Осылайша несиені нақты кімнің алғаны белгілі болады. Бұл үшін, әрине, ең жақын уақытта азаматтардың жеке куәлігіне саусақ іздерін тіркеу жұмыстарын бастау керек болады. Қылмысты азайтудың бұдан өзге жолы жоқ сияқты».

Сондай-ақ, Айғаным Бағланқызы алмаған ақшасына қарыз боп алданып қалған кейіпкерлеріміз Әсел мен Алмат үшін әлі де үміт бар дейді. Айтуынша, алаяқтық факті расымен расталса, екі азамат та несие өтеу міндетінен босатылады.

«Екі азамат микроқаржы ұйымына бірден арыз жазып қоюы керек.  Ол жағдайда ұйым іс толық шешілгенше өсімпұл есептерін тоқтата тұрады. Сот істі қарап, алаяқтық расталса, алаяқтар тиісті жазасын алады, соттың әділдігіне күмән келтірмеуіңізге болады», - дейді маман.

Байланысты жаналықтар

Қостанай облысында пошташы зейнеткерлерге миллиондап несие рәсімдеген

23.11.2024

Қазақстан халықаралық банктен 271 млрд қарыз алады

20.11.2024

Алматы облысында мұғалімдер жарты жыл бойы жалақы алмапты

19.11.2024

Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

16.11.2024

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

16.11.2024

Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыхановты тақырға отырғызған алаяқ кім

15.11.2024
MalimBlocks
Қостанай облысында пошташы зейнеткерлерге миллиондап несие рәсімдеген

Оған қатысты алаяқтықтың бірнеше эпизодымен іс қозғалған

Қазақстан халықаралық банктен 271 млрд қарыз алады

Оны өтеу мерзімі - 11 жыл

Алматы облысында мұғалімдер жарты жыл бойы жалақы алмапты

56 мұғалімге тиесілі қарыздың жалпы сомасы 40 миллион теңге

Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

Оларды грантқа түсіруге уәде берген

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Қазақстан рейтингін сыртқы буферлер ұстап отыр

Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыхановты тақырға отырғызған алаяқ кім

Олар 2013 жылы алаяқтың құрбаны болды