Қытай Қазақстанға медицина қызметкерлерін көмекке жіберіп жатыр

Malim Админ

  • 07.04.2020

Құрамына коронавирус инфекциясының алдын алу және коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуде тәжірибесі мол жоғары білікті дәрігерлер кіретін Қытай делегациясының миссиясы - қазақстандық медицина қызметкерлеріне COVID-19 қарсы күресте консультациялық әдістемелік көмек көрсету, оның ішінде COVID-19 алдын алу және бақылаудың Қытай тәжірибесімен, жақын байланыстарды анықтау және оқшаулау тетіктерімен танысу, қолданыстағы клиникалық емдеу хаттамаларына ұсыныстар беру. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Бұл бастаманы Қазақстан тарапы осы жылдың 24 наурызында Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен COVID-19 жаңа коронавирус инфекциясына қарсы күресте ҚХР-ның Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуі туралы телефон арқылы сөйлесу барысында қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыру мақсатында ұсынды.

Дипломатиялық арналар арқылы қытайлық сарапшыларды Қазақстанға жіберуді ұйымдастыру мәселелерін шешуге қатысты екіжақты келіссөздер жүргізілуде.
Бүгін 7 сәуірде ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаеваның төрағалығымен ҚХР денсаулық сақтау комитеті өкілдері мен қытайлық дәрігерлермен онлайн кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан тарапынан ҚР денсаулық сақтау вице-министрі К.Надыров, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Жақселекова, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларындағы медициналық ЖОО ректорлары, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшылары, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.
Қытай тарапынан Чжан Ганчан мырза – Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі (ШҰАӨ) Денсаулық сақтау комитетінің инспекторы, Хэ Шаохуа мырза – Қытай денсаулық сақтау комитеті Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, қытайлық дәрігерлер, Қытайдың Сыртқы істер министрлігі мен ҚР-дағы ҚХР Елшілігінің өкілдері қатысты.
Осы онлайн кездесу барысында тараптар 13 маманнан тұратын қытайлық делегацияның Қазақстанға сапарының бағдарламасын, ынтымақтастықтың басым бағыттарын, COVID-19 тақырыбы бойынша қазақстандық дәрігерлерге арналған тренинг тақырыптарын, логистика мәселелерін және т.б. кеңінен талқылады. Делегация құрамында пульмонология, инфекция, шұғыл терапия, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау және т.б. сала мамандары бар.
ҚХР дәрігерлері сәуірдің басында Нұр-Сұлтанға арнайы ұйымдастырылған ұшақпен ұшып келеді. Сонымен қатар делегациямен бірге Қытайдан гуманитарлық көмектің екінші бөлігі де жетуі керек.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

02.04.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

01.04.2025

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

01.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді