Рухы берік адам ғана санасыз билікке төтеп бере алды

Malim Админ

  • 29.07.2021

65 жыл болды бұл өмірде жүргеніме. Мен де Өмір сүріп келем. Өмір де мені сүріп келеді...

Жанашырларым хабарласады:

- Қойсаңшы енді. Жасың болса келді, тынышталсаңшы. Не баспанаң жоқ, не жинаған байлығың жоқ. Бала-шағаның қасында, ақар-шақар күй кешіп, бейнетіңнің зейнетін көретін шағың емес пе? Шалғайда, бөтен елдің көсегесін көгерткенше, өз ұрпағыңа қызмет етсеңші. Кежегесі кері кеткен билікпен арпалысқаннан не табасың?! Не бітіресің жалғыз өзің?! - дейді ғой. Біріншіден, мен жалғыз емеспін!

Менің жағдайымды ойлағансып, өздерінің індеріне мені де апарып тықпақшы... Биология тілімен айтқанда: НАТУРА. ИНСТИНКТ пен РЕФЛЕКСТІҢ құшағында күнделікті бейсана /бессознательно/ күйі күнелтуге шақырады мені. Жануарлардың тіршілік жағдайларына бейімдел, дегендері ғой. Ит пен мысық, жәндік деңгейіндегі тіршілік... Ішкен-жегенге, киген-сигенге, тәубә-шүкір ризашылық етіп, Алланың құлы, биліктің нұры! - деп өмірден өтпекші.

Менің ұстанымым: КУЛЬТУРА. Инстинкт пен рефлекстен саналы түрде көтерілу.

Ойшылдардың, музыканың, ғылымның, өнердің, әдебиеттің, абыздардың, Иса, Мұхаммед және басқа пайғамбарлардың арманы: Адамның рухани негізі!

Рухы берік адам ғана санасыз билікке төтеп бере алды.

Өкінішке қарай, қазақтар культура дегенде тек театр мен киноны ғана еске алады.

КУЛЬТУРА - Адамның санасынан туып, қолымен істелген дүние. Қоғамның рухани негізі: ар-ұжданға негізделген ғылым, білім, өнер, әдебиет, дін, ақпарат легі мен құралдары!

НАТУРА - маған дейінгі бар табиғи дүние. Ол дүниенің жаратылысына Адамның қатысы жоқ: күн, ай, жұлдыздар, тау, ну орман, су, жер, аң-жануар, инстинкт, шартты-шартсыз рефлекстер. Қара күш!

Тағылық тіршілік: Кім күшті, сол жеңеді!

Кім қайда жүргенін өзі анықтасын.

Natur or Kultur?

Болат АТАБАЕВТЫҢ фейсбуктегі жазбасы. 08.05.2017ж.

Фото: azattyq.org

Байланысты жаналықтар

Соңғы спектакілін қоя алмай кетті

29.07.2021
MalimBlocks
Соңғы спектакілін қоя алмай кетті