Семей әкімі Байахметовтің жорығы: дайындалған қойылым ба?  

  • 07.07.2021

Семей қаласының таяуда тағайындалған әкімі Бақытжан Байахметов қаланың шығыс жақ шетіндегі «Водный» кентінің тұрғындарымен кездесті. Шындығына көшсек, мұндағы күнделікті орын алатын әлеуметтік мәселе шашетектен. Бұған дейін мұндағы ауыз су, тазалық жайы, қоғамдық көлік қатынасының ретке келуі туралы қала билігіне сан рет айтылса да жергілікті шенеуніктердің жер шұқып уәде беріп кеткеннен басқа нәтижесі шамалы болғаны шындық.

Сол себептен де бұл жолы барған қаланың «су жаңа» басшысын водныйлықтар бауырға басып, нағашысы келгендей қуанғаны шамалы болды. Тауқыметі бірінен бірі асатын «Водный» кентінде 1-ден 25 «Водный»-ға дейін созылатын көше атауларынан көз сүрінеді. Бұл өз алдына басқа мәселе. Ал, олардың әрқайсы таң ағарғаннан автобус аялдамасына «қияндағы қыстауынан» жеткені өз алдына, автобус күтіп, одан қалса қалтасындағысыны таксиске қағып беруге мәжбүр.

Аталған кентте орналасқан №34 мектептің ауласындағы кездесуде алдымен сөз алған ақсақал М. Сарихов жаңа басшының қызметіне тілектестігін білдіре отырып, орындалуы тиіс болса да көңіл көншітпейтін жағдайлар аз еместігінен хабардар етті. Соның өзектісі – кент халқының орталықтандырылған ауыз суға әлі күнге дейін толықтай қол жеткізе алмай келе жатқаны. Бұл мәселе Байахметовке дейін қала тізгінін ұстаған Ермак Сәлімовтің, (Семейді 5 жыл басқарған), жыл басында ғана келген Нұрымбет Сақтағановтың (бар-жоғы 6 ай шамасы ғана отырған) алдында да сан мәрте айтылып, шешілуін «бір құдай біледі» деген қазақы ұғымдағы сағымға айналғанын жоққа шығаруға болмас.

Бұл жолы кент халқымен кездескен Бақытжан Байахметов  мәселеден бейхабар еместігін байқатқанымен, Восход, Водный аумағындағы жағдайлар 2024 жылға дейін шешілетіндігіне тоқталды. Тіпті, облыста осы сала бойынша өңір басшысының орынбасары болғанын да айта келіп, ауыз су, жарықтандыру жағдайы сатылап шеілетіндігінен хабардар етті.

-Бұл мәселе бойынша мен облыста осы су мәселесін қамтамасыз ету сұрағымен айналысқанмын.Жалпы 2024 жылы сумен қамтамасыз ету жаңадан мына су құбырларын жасау сонымен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету бағдарламасы 2024 жылға дейін облыс бойынша солай есептелген, сол бойынша  бітіру жоспарланып отыр.  Қазір ол жоба аяқталу үстінде. Биылғы жылы мемлекеттік сараптамаға кіреді. Қазір тапсырма берілді жалпы бұл реконструкция  қайта жаңғырту жобасы болып аталғандықтан жалпы бірінші кезеңде жаңадан құрылыс жүрі керек», - деп бір қайрды.

Бірақ, мәселенің шешімі бұған ғанап қарап тұрған жоқ екен. Ауыз суды шешіп тастайтын екінші жол да бар екен.

«Егерде жаңғырту жобасында халықпен жаңадан сумен қамтамасыз ету саны болатын болса оны сол бірінші бағытына кіргізуге  болады. Оны біз келесі жылға кіргізуге мүмкіншілігіміз бар. Біз қазіргі осы қыркүйек айында жаңағы жоба сараптамасының қорытындысын аламыз , содан кейін келесі жылдың бюджетіне бастамасына кіргіземіз. Келесі жылдың бюджетіне біз келіскеннен кейін біз осы жылдың аяғында қаржы мүмкіншілігін қарап тіпті конкурстық процедурасын өткізуін қарастырамыз. Егерде конкурстық ұсынымдар мақұлданса,  біз келесі жылы өзі республикадан келетін қаражат бар , сол бойынша құрылыс жұмыстарын келесі жылды тоспай кірісе береміз.  Мұның өзі 2 ай уақытты алады, соны тоспай бастап кетуге мүмкіншілік  болады,- деді қала әкімі Б. Байахметов.

Жиын барысында сөз алған тұрғындар одан өзге де жайларды ортиаға салғысы келіп, «оза шабуға» тырысқанымен, көлденеңдеген «көнекөздер» өз білгендерін, жасы үлкендігін алға тартып, жаңа әкімнен көп шындықты көлегейлеуге тырысқаны түсініксіз көрінді. Өзін таныстырмаған бір ақсақал «ұсақ-түйек» нәрсені айтқанша, «ұлттық руха, мелекеттік тілді» алдымен айту керектігін айтып, жергілікті жағдайдың қалайша шиеленіскендігін бүркемелегендігі біздегі алдыңғы толқынның да жүрісінен жаңылғандығын көрсетіп бергендей болды.

Дегенмен, «сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық» деген атадан қалған асыл сөз бар. Сол орайда, ес білгелі осы кенттің «3 Водный» аялдамасының тұсында (анығы түкпірінде) тұратын Қуат Қазезұлының ашынысы орынды.

-Негізі жаңа әкімнің кездесу өткізетіндігі жайлы толықтай құлақтандырған жоқ. Өйткені, мұндай кездесуге «дайындалып қойылған» адамдары шақыртылады. Қойылым ғой, қысқасы. Кент аялдамаларына сай 1,2,3 «Водный» аталғанымен, көше саны 23-25-«Водныйға» дейін барады. Қазір еңбек демалысына шыққаныма шүкіршілік етіп отырмын. Өйткені, күнделікті қалаға қатынау бір бейнет. Ең бірінші мәселе біз үшін ауыз су. Одан кейін автобустардың уақытылы жүруі. Таксимен қалаға жету қаншалықты қымбатқа түсетінін айтпай-ақ қояйын. Ескі де болсын қатынап жатқан автобустардың өзі сағым болып көрініп әрең жетеді. Ол өз алдына біздің кентте халық саны, көшіп келушілер көбейіп жатыр. Жас отбасылар бала-шағамызды қыстырылыстырып, бір-бірімізбен тәжікелесіп, әрең жетеміз. Күнделікті жағдай осы,-дейді Қуат Қазезұлы.

  Кент тұрғынының айтуынша, осы «Водныйда» 1 мыңнан астам шошқа бағып айналасын ластап отырғандар да бар. Жеке кәсіпкердің бұл әрекетіне наразы жергілікті жұрт қанша шағымданса да оның шырт түкіріп жүрген жайы бар.

 Тоқетерін айтқанда, тағы бір мәселе – балабақшаның өте қажеттігі. Алайда, оның өзі де биыл орындала қоймасы анық. Алдағы уақытта неше жылды еншілеп барып орындалатынына уақыт төреші. Бұл, әрине, қаланың жаңа әкімінің қанша жыл отыруына да байланысты.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ.       

Байланысты жаналықтар

Қазақ тарихындағы жылан жылы. 2025 жылдан не күтеміз?

31.12.2024

Қанат Бозымбаев ТЖМ, ІІМ және әкімдіктердің мереке күндеріндегі қауіпсіздікке дайындығын тексерді

09.12.2024

Еліміздегі жолдардың сапасы сын көтере ме? Мониторинг жүргізілді

02.12.2024

Сириядағы соғыс: Асад жанталасуда. Бірақ…

02.12.2024

Елімізде 26 млн ұялы байланыс абоненті бар – Статбюро

30.11.2024

Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

14.10.2024
MalimBlocks
Қазақ тарихындағы жылан жылы. 2025 жылдан не күтеміз?

Жыл жағымды жаңалықпен басталады

Қанат Бозымбаев ТЖМ, ІІМ және әкімдіктердің мереке күндеріндегі қауіпсіздікке дайындығын тексерді

Мереке қарсаңында ІІМ мен ТЖМ қызмет көрсетудің күшейтілген жұмыс режиміне көшуде

Еліміздегі жолдардың сапасы сын көтере ме? Мониторинг жүргізілді

Мониторинг қатысушыларының 60% астамы сапасыз жол кесірінен өзі немесе жақындары апатқа түскенін айтқан

Сириядағы соғыс: Асад жанталасуда. Бірақ…

Сирияның “Хаят Тахрир аш-Шам” бастаған антиүкіметтік құрылымдары Мәскеу мен Асад режиміне нағыз “блицкригтің қандай болатынын” көрсетіп бағуда.

Елімізде 26 млн ұялы байланыс абоненті бар – Статбюро

Оның 18,7 млн-ы интернетке қосылған

Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист