Зауыттағы апат: Ерлан Нығматулин өндіріс нысанын қандай ақшаға салды?

Өткен аптаның соңында Қарағанды YDD Corporation ферроқорытпа зауытында қайғылы жағдай орын алды. Өндіріс орнындағы №1 пеш өртеніп, сегіз жұмысшы зардап шеккен. Өкінішке қарай, 25-шілде күні алған жарақаты салдарынан екі адам қайтыс болды.

  • 25.07.2024

YDD Corporation-нің құрамындағы ферроқорытпа бойынша үш зауыттың барлығы кезінде Мәжіліс пен Сенатта депутат болған Ерлан Нығматулинмен тығыз байланысты. Аталған өндіріс нысандары Қарағанды және Павлодар облысында орналасқан.

Қазіргі уақытта бұл зауыттарда 900 адам жұмыс істейді. Кәсіпорындар ферросилиций (жылына 240 мың тонна) және микрокремнезем (жылына 18 мың тонна) өндіруімен ерекшеленеді. Айта кететін жайт, зауыт Ordabasy group құрамындағы еншілес мекеме саналады. Ол Нығматулиннің құдасы — Дінмұхамет Ыдырысовқа тиесілі.

Ерлан Нығматулин мен оның ұзақ уақыттан бері серіктесі Давид Кемертелидз және Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлы - Нығматулинның күйеу баласы Жармұхамед Аппаз зауыттың бенефициарлары ретінде аталады.

 Бұл отбасыға тиесілі ферроқорытпа кәсіпорындары "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның (ҚДБ) қолдауымен салынғаныны туралы дерек жиі айтылады. YDD сorporation жобасының жалпы құны 36,5 млрд теңгеге жеткен. Ал ҚДБ қаржыландыруының үлесіне 66 пайыз (24,1 млрд теңге) кіреді. Бұл қарыз 11 жылға 8,9% пайыздық көлеммен берілген. Жоба 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ аясындағы ҚДБ арқылы қаржыландырылса керек. ҚДБ берген қаржы ғимарат пен құрылыстарды жүргізуге, зауыттың алғашқы бөлігін іске асыру үшін жабдықтарды сатып алуға және құрылыс-монтаждау жұмыстарына жұмсалған. 2016 жылдан бастап кәсіпорын бюджетке салық ретінде  10,8 млрд теңге төлегені туралы дерек бар.

Сондай-ақ, Ерлан Нығматулиннің иелігінде ферроқорытпа өндірісі, байыту және агломерациялық фабрикаларды қамтитын Asia FerroAlloys жобасы да бар. Бұл жоба да кредиттік желі аясында "Қазақстанның Даму Банкінен" қаржы алған. Ол соманың 38,8 млрд теңгесі несие болса, 11,9 млрд теңге қарыз алушының өз қаражаты көрінеді.

Сыйақы мөлшерлемесі тиісінше 9,14 пайыздан 15 пайызға дейін барады. Несиелеу мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейін есептелген. Кәсіпорын ҚДБ қаржыландырған ИИДМБ жобасына енген. Бенефициарларда Ерлан Нығматулиннен басқа Шмаги Кемертелидзенің есімі тіркелген.

Аталған кәсіпорындарды қаржыландыру игеріліп, осыған ұқсас қызмет профилі және бенефициарлары бар EkibastuzFerroAlloys (Нигматулин және Кемертелидзе) әзірге қаржыландыру мәртебесінде тұр. Бұған банктен 72 млрд теңге деп бөлініп, жалпы құны 92,2 млрд теңгені құрайды.

Осылайша "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Ерлан Нығматулиннің ферроқорытпа кәсіпорындарын 135 млрд теңгеге қаржыландырғаны белгілі болып отыр.

Фото: Vlast.kz

Shishkin_like материалы негізінде аударылды 

Байланысты жаналықтар

7 ай өтті. Студент қыздың өлімінің себебі ашылмады

17.09.2024

Киев те, Мәскеу де капитуляция жасамайды - Амангелді Құрметұлы

16.09.2024

Қарағандыда аттракцион құлап, екі адам жарақаттанды

16.09.2024

Аса ірі мөлшерде қаржы жымқырған адам Түркиядан экстрадицияланды

16.09.2024

Атыраудағы өрттен 40 адам эвакуацияланды

15.09.2024

Қазақстандықтар айдың тұтылғанын тамашалай алады

15.09.2024
MalimBlocks
7 ай өтті. Студент қыздың өлімінің себебі ашылмады

Зарина жатақханада коменданттың бөлмесінде көз жұмған

Киев те, Мәскеу де капитуляция жасамайды - Амангелді Құрметұлы

Соғыс бұдан әрі өрши берсе, барша адамзатқа, ең алдымен, Ресей-Украина қақтығысына тікелей қатысы бар мемлекеттерге салдары өте ауыр тиеді

Қарағандыда аттракцион құлап, екі адам жарақаттанды

Мамыр айында  аттракцион техникалық сараптамадан өткен

Аса ірі мөлшерде қаржы жымқырған адам Түркиядан экстрадицияланды

27 миллион теңгеге жуық ақшаны заңсыз иемденген

Атыраудағы өрттен 40 адам эвакуацияланды

Көпқабатты үйде өрт шыққан

Қазақстандықтар айдың тұтылғанын тамашалай алады

Тұтылу кезінде толық айдың қызыл жиегін көрінеді