Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқандар саны бес адамға жетті

Саясат
Әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқандар саны бес адамға жетті

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімше қоймасындағы өрт кезінде тағы бір әскери қызметкердің қаза тапқаны хабарланды. Осылайша оқиға кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлер саны бес адамға жетті.

Қорғаныс министрлігі әскери қоймадағы өртті сөндіру жұмыстарына жетекшілік еткен старшина, 1992 жылы туған Еркін Нәдірбековтің қаза тапқанын хабарлады. Министрліктің мәліметіне қарағанда, ол жарылыстан кейін оқиға орнында қаза тапты.  Оқиғадан кейін хабарсыз кеткен әскери қызметкерлердің қатарында болған.

Бұған дейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев оқиға орнында полковник,  әскери прокурор Қапезов, сержант Мішенбаев, ефрейтор Жанболатов және әскери күзет қызметкері Дәлібаев мерт болғанын хабарлады.

26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылыс болып, өрт шықты. Өртті сөндіру кезінде төрт әскери қызметкер қаза тапты. Ондаған адам жараланды. 60-тай адам жеңіл жарақат алды, Байзақ ауданының ауруханасында оларға көмек көрсетілген соң, үйлеріне жіберілді. 28 адам Тараз қаласындағы ауруханада жатыр, алтауының жағдайы орташа ауыр.

Азаттық тілшісінің отставкаға кету туралы сұрағына жауап берген Нұрлан Ермекбаев хабарды естіген бетте отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу