Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Белсенді Ермахан Ыбырайымовты сотқа берді

Саясат
Белсенді Ермахан Ыбырайымовты сотқа берді

Айгерім Тілеужанның сөзінше, Ермахан Ыбырайымовтың үстінен полицияға ғана емес, Халықаралық Олимпиада комитетінеде арыз жазып, оны чемпиондық титулынан айыруды сұрамақ.

«Біздің бұл жерде (Қазақстанда- ред) әділдікке жетуіміз екіталай. Сондықтан біз бұл істі соңына дейін жеткіземіз. Халықаралық ұйымдарға міндетті түрде арызданамыз және халықаралық алаңда оларды соттау үшін бар күшімізді жұмсаймыз... Халықаралық олимпиада комитетіне шағымданып, оны осыған дейін алған медальдарынан, чемпиондығынан айыруын сұраймыз», - дейді Тілеужан.

Қаңтардың 10-ы (парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы) күні Алматы қыласындағы Республика алаңында «Оян Қазақстан» қозғалысы мен «Қазақстан демократиялық партиясы» жақтастарын арнайы жасақ қоршауға алып, 10 сағатқа жуық ұстаған. Осы уақытта алаңға олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов барып, қоршауда тұрған жастардың арасына басып кіріп, белсенділердің қолындағы плакатты жыртып тастаған.

Ермахан Ыбырайымов "Нұр Отан" партиясы атынан Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Бұған дейін Ыбырайымов Malim.kz-ке берген сұхбатында өзінің биліктің титушкасы емес екенін айтқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу