113 қазақстандыққа "Болашақ" стипендиясы берілді

Malim Админ

  • 09.07.2021

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің алғашқы легі анықталды. 113 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы шешімді мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия шығарды.

"Болашақ" стипендиясының иегерлері әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында магистратура не докторантура бағыты бойынша оқиды немесе ғылыми тағылымдамадан өтеді.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның президенті Айнұр Кәрібозова биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша стипендия үш кезеңде тағайындалатынын айтқан. Келесі кезең қорытындылары тамыз аяғы не қыркүйек басы және қараша айларында жарияланады.

Үміткерлер "Болашақ" бағдарламасына медицина, жаратылыстану, әлеуметтік ғылымдар, білім беру, инновациялар мен жаңа технологиялар, креативті индустрия мен индустриалды инженерия бағыттары бойынша құжат тапсыра алады. Пандемияға байланысты биыл басым мамандықтар тізбесіне де бірқатар өзгеріс енгізілді.  Атап айтқанда, үміткерлер вирусология,  вакционология, иммунология, реабилитология,  биотехнология, креативті экономика мен роботехника салаларының біріне құжат тапсырып, конкурстық іріктеуден сәтті өткен жағдайда әлемнің жетекші оқу орындарының бірінде оқи алады. "Болашақ" бойынша оқуға ұсынылатын жоғары оқу орындарының тізімі мен басым мамандықтар тізбесі bolashak.gov.kz сайтының "үміткерлерге" бөлімінде жарияланған.

"Болашаққа" құжаттарды қабылдау 28 қазанға дейін жүреді. Ал конкурстық іріктеу 30 қарашаға дейін жалғасады.

 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға барлығы 1055 стипендия бөлінді, оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура бағдарламалары бойынша берілді.

Сонымен қатар биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша алғаш рет «Ғалымдар» тағылымдамасының жаңа санаты бойынша 500 стипендия бөлінеді. Осының арқасында еліміздің ғалымдары әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтіп, тәжірибесін шыңдай алады.

Фото: 24.kz

Байланысты жаналықтар

Дәрігер Күләш Ахметованы ақындыққа баулыған

22.09.2023

Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт қайтыс болды

20.09.2023

Астана драма театрлары жаңа маусымда көрерменге не ұсынады?

19.09.2023

В Астане стартовали XIV Национальные Дельфийские игры

15.09.2023

Жынданып өлген Оразбаева. Кеңестік кесір жүйенің құрбаны

11.09.2023

Колледждерге грaнт көбейді

30.08.2023
MalimBlocks
Дәрігер Күләш Ахметованы ақындыққа баулыған

Жамбылдағы медициналық училищені оқып жүргенде Өкім ағасының үйінде тұрыпты

Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт қайтыс болды

Қаламгер 74 жасында өмірден озды

Астана драма театрлары жаңа маусымда көрерменге не ұсынады?

Алғаш рет елімізде  драма мен опера сынды екі үлкен жанрды үндестіретін қойылым жұртшылыққа жол тартады

В Астане стартовали XIV Национальные Дельфийские игры

XIV Национальные Дельфийские игры проходят в эти дни в столице. В Астане они организованы уже в четвертый раз. Мероприятие продлится до 17 сентября.

Жынданып өлген Оразбаева. Кеңестік кесір жүйенің құрбаны

Арнайы пансионат-үй бөліп, қасына дәрігер қойғанмен, жазылып кетпейді

Колледждерге грaнт көбейді