89 жыл бұрынғы хат: Қазақтар биттеп кеткен, әйелдері үсіген баланы құшақтап жүр
Тарихқа үңілу қайшылықты қоздыру емес, өткен күннің кемшілгінен сабақ алу үшін қажет. Осыдан 89 жыл бұрын жазылған мына хатты https://istmat.info сайтынан аударып, назарларыңызға ұсына кеткенді жөн көргенде жоғарыдағы ойда болдық. Осындай азаптан қазақты аман алып қалған бір Құдайға алғыс айтқың келеді.
Батыс Сібір өлкесінің Ключевский ауданының Әйелдер секторының басшысы Бирюкованың — Қазақстаннан келген босқындар туралы Атқару комитетіне жазған хаты. 1932 жылғы наурыз
1932 жылғы наурыз 1
Жолдас. Востротина.
Сізді біздің Ключевск ауданында болып жатқан жағдайдан хабар еткім келеді, жағдай күн өткен сайын шиеленісіп, арты қорқынышты сұмдыққа айналып барады, Киркрай ауылынан қашқан қазақтар (қырғыздар) арасына кулактар үгіт жүргізуде. Кулактар қазақтарға — Совет үкіметі сендерді аштықтан өлтіріп жатыр деп айтуда. Мен бүгін біздің ауданда болып жатқан мәселені түсіндірмекпін: Киркрайдан қазақтар (қырғыздар) бүкіл отбасыларымен біздің ауданға ағылып келіп жатыр. Бұл қазақтардың ағымы бір ай болды тоқтайтын түрі жоқ. Бұл қазақтар күні бойы ауладан ауланы аралап қайыр сұрайды, бірақ оларға ешкім ештеңе бермейді, қуалап тастайды, тіпті жылынуға да үйлеріне кіргізбейді. Олардың барлығы суықтан әбден тоңған, биттеп кеткен, бүтін киімдері жоқ жартылай жалаңаш, құр сүлдерін әрең сүйреп жүр.
Мұндай фактілер көп, олар ауылдың ішінде немесе ауылдың сыртында қаңғып жүріп қатып қалуда, тірісін полицияға алып барамыз. Мұндай қорқынышты жағдайлар ауыл-аймақтарда үздіксіз орын алып жатыр. Н.Покровка Ключев ауданының маңындағылар шанамен кетіп бара жатып екі баланы тауып алған екен, оның біреуі аяздан қатып қалған, ал екіншісінің есі кіресілі-шығасылы. Ол : «кишкентай» - «кишкентай» — «маған нан берші» деп ыңырсиды. Одан: «Қайда бара жатырсың?» деп сұрағанда, ол: «басым ауған жаққа барамын, өлгенімше жүре берем, аяздан қатып қалсам тауып алар, бәрібір нан жоқ, ешкім бермейді»,– дейді.
Тағы мынандай жайттар кездесуде: қазақ әйелдері қолдарына кішкентай балаларын көтеріп алған, ол көтеріп алған балалары суықтан қатып қалған, ал әйелдер өздері аштықтан ісініп кеткен. Аудандық партия комитетіннен қазақтар тұтас артельдермен келіп, нан сұрайды, ал біз: «мұнда нан жоқ» десек, олар еденге жатып алып тұрмай қояды, күшпен сүйреп шығарып тастағанымызша кетпейді.
Жолдас Востротин, қазақтардың қаңғыған балаларын не істейміз?
Әйелдер секторының басшысы Бирюков
ВКП (б) Қостанай облыстық комитеті хатшысы Ярмухамедовтің Мендыгарин ауданының колхоздары мен ауылдық кеңестеріндегі аштық туралы куәлігі. 1932 жылы 10 наурызда
БКП (б) Орынбор қалалық комитетінің хатшысы М.Сусманның Орынбордағы қазақ қоныс аударушыларының жағдайы туралы РКФСР Халық ағарту комиссариатына жазған есеп беру жазбасы.
Аударған Айбек Ережеп