Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жасады

Malim Админ

  • 13.06.2021

Білім және ғылым министрі оқу жылының аяқталуына байланысты ұстаздарға үндеу жасады. Министр қашықтан оқыту кезінде әртүрлі себептерге байланысты артта қалған балаларға көмек қолын созып, қолдау білдіруді сұрады.

"Бұл оқу жылы аянбай қызмет еткен әр мұғалімнің ерен еңбегімен және ерлігімен есімізде қалары сөзсіз.  Мектептерге мүлдем жаңа оқыту әдістеріне көшу оңайға соқпағанын бәрі бірдей түсіне бермейді.

Өкінішке орай, біз дәстүрлі оқыту форматына толықтай көше алмадық. Пандемияның салдары білім беру жүйесіне әлі де әсер ететіні анық.

Дегенмен, Сіз барлық қиындық пен сын-тегеуріндерге қарамастан, сабақтарыңызды ұтымды ұйымдастырып, мүмкіндігінше жақсы нәтиже көрсете алдыңыз. Сіз ұстаз мамандығының сезімталдық, балаларға деген қамқорлық және адамгершілік сынды ең жақсы қасиеттерін танытудың жарқын үлгісіне айналдыңыз. Алайда, жұмсалған күш-жігерге қарамастан, қашықтан оқыту кезінде әртүрлі себептерге байланысты артта қалған балалардың білімдері мен басқа оқушылардың білім деңгейін салыстырғанда алшақтық байқалады. Бұл жағдайдың орын алғанына балалар кінәлі ме? Әрине, балалардың еш кінәсі жоқ. Олар дәстүрлі форматта білім алса, Сіздің қолдауыңызды сезініп, өздерін көрсете алар еді деп сенемін.

Оларға бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін мүмкіндік беруіміз керек пе? Әлбетте. Мен, сіздің әріптесіңіз ретінде, мамандығымызға тән қасиет - ізгілікке ұмтылып, шәкірттеріңізге көмек қолын созуыңызды сұраймын.

Жігерлі әрі алғыр мектеп оқушыларымен жұмыс істеу оңайырақ. Дегенмен, пандемияға байланысты оқу бағдарламасынан қалып қойған оқушылармен жұмыс жасау оңай емес. Оқушылардың білімі бойынша артта қалуы олардың мүмкіндіктері сондай деген сөз емес. Білім берудегі олқылықтарды қиын жағдай мен оқушыларды жігерлендіру деңгейінің жеткіліксіздігімен сипаттауға болады. Мұндай балалар қазір барлық назарымызды қажет етеді. Олардың әлеуеті зор. Сондықтан балаларымызға қолдау көрсетуіміз керек.

Бүлдіршіндерімізді өз қамқорлығыңызға алып, қиындықтарға қарамастан олқылықтардың орнын қосымша сабақтар өткізу арқылы толтырасыздар деп үміттенемін. Менің бұл өтінішімді қабыл алуыңызды сұраймын", - деп жазады Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ министр ұстаздарды вакцинация науқанында белсенді азаматтық ұстанымды білдіруге шақырды.

"Қымбатты әріптес! Хатымды аяқтай отырып, сізді вакцинация науқанында белсенді азаматтық ұстанымыңызды танытып, вакцинация туралы ғылыми деректерді тарату барысында көмек көрсетуіңізді сұраймын. Сондай-ақ аталған тақырып аясындағы жалған ақпаратпен күресуге шақырамын. Мен оқытудың дәстүрлі форматын қолдаймын және бүлдіршіндеріміз үшін мектеп есіктері айқара ашылады деп үміттенемін. Халық вакцинация науқанына неғұрлым белсенді қатысса, әдеттегі өмір ырғағына соғұрлым тезірек оралатынымыз сөзсіз", - делінген министр үндеуінде.

 

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

02.05.2025

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

29.04.2025

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

24.04.2025

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

23.04.2025

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

17.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

Министр Аида Балаева Халық әртісі Майра Ілиясоваға Мемлекет басшысының арнайы құттықтауын жеткізді

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

"Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы Қазақстан Жазушылар одағы басқарамасы Секретариатының шешімімен жыл сайын табысталатын марапат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

Ол республикалық "Қазақстан" газетінің бас редакторы болған

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

Еліміздің 100 суретшісінің танымал еңбектерін арнайы шығарып, барлық мектептерге тарату қолға алынса құба құп