Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

Мерекелік шаралар Көктөбеде мерекелік отшашумен аяқталады

Мәди Саматұлы

  • 15.09.2024

Мегаполис тұрғындары дәстүр бойынша қыркүйектің үшінші жексенбісінде Қала күнін атап өтеді. Алматының әр жерінде мерекелік іс-шаралар – концерттер, көрмелер, флешмобтар, фестивальдер және басқа да көптеген шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Мерекелік іс-шаралар Абай алаңында өткен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты отбасылық фестивальден басталып, қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды құттықтады.

Алматы әрқашан алдыңғы шепте болып, оң өзгерістердің жарқын үлгісі болуы керек, бұған бар күшімізді, білімімізді және тәжірибемізді жұмсаймыз. Алматыны әрбір адам өз үйіндей сезінетін жайлы әрі қауіпсіз қалаға айналдыру біздің қолымызда, деді мегаполис басшысы.

Қала басшысы дәстүр бойынша қаланы дамытуға үлес қосқан азаматтарды «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Олардың қатарында көзі нашар көретін суретші Алексей Уткин, кескіндемеші Ерболат Төлепбай, композитор Ерұлан Қанафиянов, ақын Ұлықбек Есдәулет, техника ғылымдарының докторы Жұмабай Байнатов, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнәр Нұрланова, құрметті ұшқыш Дмитрий Душимов және кәсіпкер, меценат Нұрлан Смағұлов бар.

Сонымен қатар, құрметті атақ Мемлекеттік қуыршақ театрына берілді.

Марапаттан кейін қала әкімі алаңдағы балалар белсенділік аймақтарын аралап, тұрғындармен сөйлесті. Іс-шара «Алматы әуендері» шығармашылық ұжымдары мен солистерінің қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.

Естеріңізге сала кетейік, Абай алаңында бүгін күндіз балалар үшін аниматорлардың ойын-сауық шоуы және медиа тұлғалардың қатысуымен отбасылық сән көрсетілімі өтеді.

Кешкі 18:00-де Республика сарайының алдында алматылықтарды Мемлекеттік қуыршақ театрының «Қуыршақ шоуы» қойылымы мен тикток жұлдыздары YOLO HOUSE, BIP HOUSE және басқа да танымал алматылықтардың қатысуымен концерт өтеді.

Сонымен қатар, Тұңғыш Президент саябағында сағат 10:00-де көпшілікке танымал болған Apple Fest фестивалі басталды. Фестивальде 21:00-ге дейін жалғасатын кең ауқымды мәдени және концерттік бағдарлама бар.

Тұңғыш Президент саябағында бірнеше сахна қойылған. Басты сахнада 14:30-да Роза Рымбаева мен Алматы қаласы әкімі эстрадалық-симфониялық оркестрі өнер көрсетті. Концертті Steppe Sons этнотобы, Umberto Project, «Музарт Life» тобы және басқа да танымал әртістер жалғастырды. Кештің басты хедлайнерлері Hiro мен Captown.

Келушілерге ыңғайлы болу үшін саябақ аумағы бірнеше тақырыптық аймаққа бөлінген. Әрбір аймақта алма жәрмеңкесі, Елшілік аллеясы, бақша инновациялары алаңы, гүлдер ғажайып бульвары, дәм саяхаты көшесі, қолөнер шеберлер көшесі, Ұлы дала мәдениеті даңғылы, балаларға арналған ойын-сауық алаңдары, «Кітап оқиғалары» квесті және ашық аспан астындағы кинотеатр орналасқан. Онда қазақ киносының «Алтын қорына» енген фильмдер көрсетіледі.

Айта кетейік, фестиваль тарихында алғаш рет 1 700 литр алма компоты қайнатылады. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енеді. Компотты сатудан түскен қаражат көшеттер, құстарға арналған қоректендіргіштер және қалалық саябақтарға арналған ұялар сатып алуға жұмсалады.

Цирк өнерін сүйетіндер үшін 12:00-ден 17:00-ге дейін Шапито циркі жұмыс істеп жатыр. Бағдарламада Эфиопиядан келген Black eagles икарлық ойындары, «Курьез» атты клоундық квартет, сырықтағы эквилибр және тағы басқа өнерлер бар. Цирк шоуына билетпен кіреді, ал саябақтағы басқа іс-шаралар тегін. Шапито билеттері 3-4 мың теңге аралығында сатылып жатыр. Фестивальден кейін цирк саябақ аумағында тағы он күн жұмыс істейді.

Арбатта 11:00-ден бастап «Туған күніңмен, Алматым» фестивалі өтіп жатқанын айта кетейік, Онда қала тұрғындары мен қонақтары суретшілер көрмесін, қолөнершілер жәрмеңкесін, шеберлік дәрістерін және т.б. да іс-шараларды тамашалай алады. Сонымен қатар, мұнда жыл сайынғы «Кітап fest» фестивалі де қатар өтіп жатыр.

Сағат 17:00-де Астана алаңында Almaty Cover Show басталады, оған қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Сахнада Нағима Есқалиева, Мейрамбек Бесбаев, Kalifarniya, RaiM, Нұрлан мен Мұрат, ARO, Ерболат Құдайберген, Қайрат Түнтеков және басқа әншілер өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, бүгін Орталық стадионда Қала күніне орай елдегі ең танымал әрі жас артистің бірі Садраддин алғашқы жеке концертін қояды.

Қала күнін мерекелеу «Көктөбе» телемұнарасында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған құттықтау жарығының қосылуымен аяқталады. Бұған қоса, 21:00-де «Көктөбе» саябағында мерекелік отшашу болады.

Айта кетейік, мерекелік іс-шаралардың толық тізімін www.almaty.kz сайтынан және қалалық әкімдіктің www.instagram.com/akimat_almaty және Мәдениет басқармасының www.instagram.com/almatymadeniet инстаграм парақшаларынан көруге болады.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Алматыда сотталғандар шахмат үйренуді дағдыға айналдырған

12.10.2024

«Моншада тұрғызып, зорлық көрсетті»: Алматылық жігіт спортшының отбасында құлдықта болған

09.10.2024

Доллар мен рубль қанша теңгеден саудаланып жатыр?

08.10.2024

Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары бағалады

06.10.2024

Алматылықтар туған күнінде референдумда дауыс берді

06.10.2024

Алматылықтар АЭС құрылысы бойынша референдумда белсенді

06.10.2024
MalimBlocks
Алматыда сотталғандар шахмат үйренуді дағдыға айналдырған

Оларға арнайы шеберлік сағаты өткізілген

«Моншада тұрғызып, зорлық көрсетті»: Алматылық жігіт спортшының отбасында құлдықта болған

Ол 10 ай бойы мал баққан

Доллар мен рубль қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 482 теңге

Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары бағалады

Бақылаушылар арасында 6 елдің аккредиттелген тұлғалары бар

Алматылықтар туған күнінде референдумда дауыс берді

Бұл жағдай №130 гимназияда болды

Алматылықтар АЭС құрылысы бойынша референдумда белсенді

Қаладағы сайлау учаскелерінде кезек байқалады