Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды.

Malim Админ

  • 16.05.2024

Халықаралық музейлер күні аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қызметіне арналған «Мәдени майдан» көрмесі Алматы музейінде ашылды, деп хабарлайды Kazinform.kz.

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды. Сондай-ақ Алматы музейі қорынан Өзбекәлі Жәнібековтің үлгісі бойынша тігілген «Сазген сазы» ансамблінің алғашқы орындаушысының сахналық киімі, фотосуреттері, музыкалық аспаптары мен Әзірет Сұлтан Мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының қорынан алынған жеке заттары ұсынылды. 

Көрме кәсіби мерекеміз – Халықаралық мұражайлар күніне орай ұйымдастырылды. Көрмеге Өзбекәлі Жәнібековтің өзі қолданған 100-ден астам заттары қойылды. Оған қоса біз көрмеде Өзбекәлі Жәнібековтің музейлерді құрудағы еңбегін айырықша көрсетуге тырыстық. Себебі Өзбекәлі Жәнібеков 1971-1991 жылдардың аралығында елімізде 40 музейдің ашылуына үлес қосқан. Ол мұражайлар бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Көрме екі апта бойы болады, кіру тегін, - деді Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.

Айта кеткен жөн, Өзбекәлі Жәнібеков – қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерін дамыту жолында іргелі істер атқарған, салт-дәстүрдің, тарихи жәдігерлердің қайта жандануына ықпал еткен ұлт жанашыры. Оның бастамасымен Қазақстанда жүзге жуық музей мен этнографиялық залдар ашылып, «Сазген сазы», «Шертер», «Адырна», «Алтынай» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамбльдері, театрлар, «Казреставрация», «Бірегей ысқымен ойналатын музыкалық аспаптардың мемлекеттік коллекциясы» құрылды. 

Сонымен қатар оның арқасында Ұлы даланың бірқатар ескерткіштері сақталды. Қалпына келтірілген ескерткіштердің қатарында Қожа Ахмет Яссауи, Тәжік, Қарахан, Айша-бибі, Ақ-ұйық және Бабаджа-Хатун кесенелері мен Жаркент мешіті және Отырар археологиялық ескерткіштері бар. Өзбекәлі Жәнібековтің тікелей ықпалымен қазақтың төл мейрамы Наурыз қайта жанданып, қасиетті Тайқазан Қазақстанға қайтарылды. 

Фото: Алматы музейі

Байланысты жаналықтар

Алматы метросының басшылығы сауда нүктесін жалға алушыларға заңсыз салық төлеткен

22.11.2024

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

Алматыны қар басты: Бір түнде 52 жол апаты тіркелді

14.11.2024

Алматыда бөгде ер адам әйелге шабуыл жасады

11.11.2024

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

10.11.2024

Алатау және Алматы арасында аэромобиль қатынайды

09.11.2024
MalimBlocks
Алматы метросының басшылығы сауда нүктесін жалға алушыларға заңсыз салық төлеткен

Оларды қосымша келісімдер жасауға мәжбүр еткен

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

Алматыны қар басты: Бір түнде 52 жол апаты тіркелді

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады

Алматыда бөгде ер адам әйелге шабуыл жасады

Ол қызды құлатып, баспалдақтан төмен қарай сыртқы есіке дейін жармасып барады

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

Шешуші ойында ұлттық құрама Жапонияны ұтты

Алатау және Алматы арасында аэромобиль қатынайды

Алатау қаласын дамыту мәселесі қаралды