Әншілердің фонограмма пайдалануына тыйым салу туралы петиция жарияланды

Malim Админ

  • 22.11.2023

Әншілердің фонограмамен ән айтуына шектеу қоятын  петиция жарияланды. Бастаманы әзірге бірнеше адам қолдап дауыс берген.

«Қазақстанда музыкалық сала белсенді дамып келеді.  Ай сайын республика аймақтарында отандық және шетелдік өнерпаздардың концерттері өтеді. Орындаушылардан қайталанбас тәжірибе мен эмоционалды қарым-қатынасты күткен көрермендер концерттік бағдарламалардың сапасының төмендігімен, атап айтқанда саундтректердің кеңінен қолданылуымен бетпе-бет келіп отыр.  Сонымен қатар, соңғы жылдары концерттік билеттер құны айтарлықтай өсті. Біз, Қазақстан азаматтары, қазіргі жағдайға көңіліміздің толмайтынын білдіреміз және еліміздің музыка индустриясында фонограммаларды пайдалануды реттеуді талап етеміз» деп жазылған.  Атап айтқанда:

 - музыкалық қойылымдарда фонограммаларды қолдануға тыйым салатын шараларды енгізу;

 -Жанды дауысты ән орындайтынотандық әртістерді қолдау, олардың шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау және ынталандыру;

 - Музыкалық мәдениетіміздің болашағын қамтамасыз ету үшін жас музыканттарды дайындау және қолдау,- делінген петиция хатында.

«Осы маңызды мәселені қоғамда талқылап, мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылдауға шақырамыз»,- дейді Серік Әбішов  есімді азамат.

Байланысты жаналықтар

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

16.04.2025

Айтатын сылтау көп. Мақсат Толықбай фонограммамен ән айтуға тыйым салуды ұсынды

26.02.2025

Әншілердің фонограммамен айтқаны жайлы дерек жоқ – Мәдениет министрлігі

24.01.2025
MalimBlocks
«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

Көпшілікке оның өзін-өзі ұстауы ұнамаған.

Айтатын сылтау көп. Мақсат Толықбай фонограммамен ән айтуға тыйым салуды ұсынды

Әншілердің фонограммамен айтқаны жайлы дерек жоқ – Мәдениет министрлігі