Әр бала екі үйірмеге тегін қатыса алады

  • 19.05.2021

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке еліміздің Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов пен Нұрғиза Дәуешов қатысып, аталған тақырып бойынша істелініп жатқан жұмыстары жайлы баяндады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жолдауында ел тұрғындарын, оның ішінде балаларды бұқаралық спортпен шұғылдануға белсенді тарту, спорт секцияларын ашу және үйірмелердің қызметін қайта жандандыру туралы міндеттер қойғаны белгілі. Осыған байланысты Мәдениет және спорт министрлігі Президент тапсырмасын орындау мақсатында арнайы құқықтық актілер қабылдаған. Сондай-ақ, «Bala» ақпараттық жүйесі әзірленген.   

«Мәдениет және спорт министрлігі елімізде бұқаралық спорттың жақсаруына, оның ішінде балалар спортын дамытуға байланысты қазір көптеген жұмыстар атқарып жатыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында осы мәселе бойынша нақты міндеттер жүктеген. Осыған орай министрліктің бұйрығымен  балалар мен жасөсіпірімдер спортын дамытуға байланысты жұмыс істеу қағидалары бекітілді. Оның біріншісі, «шығармашылық үйірмелерге мемлекеттің шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары». Екінші, «шығармашылық үйірмелерді жан басына нормативтік қаржыландыру қағидалары». Үшінші, «мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі». Төртінші, шығармашылық үйірмелердің және спорт секцияларының рейтингін анықтау қағидалары», - деді Н.Дәуешов.

Вице-министрдің айтуынша, шығармашылық үйірменің 59 түрі қарастырылған. Әр бала өзі қызыққан екі үйірмеге тегін қатысуға құқығы бар. Ол үшін «artsport.edu.kz» порталына тіркеліп, тапсырыс бере алады. Балалардың үйірмеге қатысуына байланысты шығын жергілікті Спорт немесе Мәдениет басқармасы есебінен жүзеге асырылады.

 «Биыл мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдары есебінен 2,6 миллиард теңге қарастырылған. Соның негізінде республика бойынша 25,6 мың баланы немесе еліміздегі 4 пен 18 жас аралығындағы балалардың 0,6 пайызын үйірмелерге тарту көзделген. Осыған байланысты жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат та жыл сайын артып отырады, - деді Н.Дәуешов.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, қазіргі таңда республика бойынша 4-18 жас аралығындағы балалардың 37,5 пайызы спорт секцияларына барады екен. Бұл шамамен 1,5 миллиондай бала.  Оның 370 мыңы спорт мектептеріне, 190 мыңға жуығы спорттық клубтарға, 965 мыңы мектеп жанынан ашылған арнайы секцияларға барады.

Вице-министр Ерлан Қожағапанов президенттің жолдауына сай аймақтарда спорттық секцияларды көбірек ашып, бұқаралық спортты дамытуда белсенді болуға шақырды. Сондай-ақ, баспасөз мәслихатының соңында Токио олимпиадасына дайындық барысы туралы да сөз болды,

«Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық олимпиада комитетімен бірлесіп жұмыс атқарып жатыр. Ұлттық құрама, яғни, штаттық командалардың барлығы Олимпиадалық комитеттің бақылауында.

Токиоға дайындық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде. Осыдан бес жыл бұрын Рио-де Жанейро олимпиадасы кезінде дайындыққа 6-7 миллиард теңге жұмсалса, биылғы Токио олимпиадасына дайындалуға мемлекеттен 15 миллиард теңге бөлінді», - деді  Е.Қожағапанов.

 

Байланысты жаналықтар

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

29.04.2025

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

24.04.2025

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

23.04.2025

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

17.04.2025

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025
MalimBlocks
Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

"Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы Қазақстан Жазушылар одағы басқарамасы Секретариатының шешімімен жыл сайын табысталатын марапат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

Ол республикалық "Қазақстан" газетінің бас редакторы болған

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

Еліміздің 100 суретшісінің танымал еңбектерін арнайы шығарып, барлық мектептерге тарату қолға алынса құба құп

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады